05.07.2016, 19:01 8434

Риоға баратын зілтеміршілерден допинг анықталса ұлттық деӊгейде қатаӊ жаза қолданылады

Рио-де-Жанейро Олимпиадасына баратын зілтеміршілерден допинг анықталса, онда ұлттық деӊгейде қатаӊ жаза қолданылады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Рио-де-Жанейро Олимпиадасына баратын зілтеміршілерден допинг анықталса, онда ұлттық деӊгейде қатаӊ жаза қолданылады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Комитет ақпаратына қарағанда, бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетініӊ президенті Тимур Құлыбаев пен еліміздіӊ Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаӊында ел құрамасымен кездесу өткізген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Допингпен кұрес және қазақстандық спорттыӊ имиджін қорғау мақсатында Олимпиадаға баруы ықтимал барлық ауыр атлеттерді допингтік тестілеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Сынамалар Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген шетелдік зертханаға жіберіледі. Сынама нәтижелері Рио-де-Жанейроға спортшылар ұшып кеткенге дейін белгілі болады әрі теріс нәтиже анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларға ұлттық деӊгейде еӊ қатаӊ санкция қолданылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар таратылған ақпаратта Бейжіӊ мен Лондон олимпиадасына қатысқан 4 ауыр атлетіміздіӊ допинг дауына ұрынуы жайты да тыӊғылықты қаралған. Бұл орайда ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен ҚР Ауыр атлетика федерациясы тарабынан аталған спортшыларға олардыӊ заӊды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заӊдық қолдау көрсетілетін болады.

"Дегенмен, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық олимпиадалық комитеттіӊ допингке қарсы ережесініӊ бұзылуын тергеу мәселелеріне толықтай қолдау білдіреді", - делінген ақпаратта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны