13.08.2012, 13:35 30107

Серік Сапиев Қазақстан қоржынына жетінші алтынды салды

Төрт жылда бір келетін жазғы ойындарда Серік шашасына шаң жұқтырмады. 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген былғары қолғап шеберіміз Олимпиада қожайыны британдыққа үш кезеңде де еш мүмкіндік бермеді, қорытынды есеп - 17:9.

Астана. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Серік Сапиев Қазақстан қоржынына жетінші алтынды салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төрт жылда бір келетін жазғы ойындарда Серік шашасына шаң жұқтырмады. 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген былғары қолғап шеберіміз Олимпиада қожайыны британдыққа үш кезеңде де еш мүмкіндік бермеді, қорытынды есеп - 17:9.

Естеріңізге сала кетейік, С.Сәпиев 1/8 финалда жапондық Ясухиро Сузукиді, ширек финалда венесуэлалық боксшы Габриел Маэстрені ал жартылай финалда айқын басымдықпен ұтты.

Ал кеше 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Серік Олимпиада "алтыны" жолындағы басты қарсыластарының бірі ресейлік Андрей Замковойды 18:12 есебімен ұтқан еді. Ал бұған дейінгі кездесудегі қарсыласы украиндық Тарас Шелестюкті бір ұпай айырмашылығымен жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Серік Сәпиев Қарағанды облысының тумасы. 11 жыл бойы боксты жанына серік еткен 28 жастағы Серік екі мәрте Илем чемпионы (2005, 2007 жылы), Азия чемпионы (2007, 2009 жылы), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы) атанған. Жолдаманы өткен жылы Бакудегі Илем чемпионатында екінші орынды иеленгені үшін алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны