26.06.2007, 14:15 3394

Шығыс Қазақстан облысында халықтық XI спорт ойындары өтеді

СЕМЕЙ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 27-30-маусымда облыс әкімінің жүлдесіне халықтық XI спорт ойындары өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықтық спорт ойындары биыл Мұхтар Иуезовтың 110 жылдық мерейтойына арналып, Семейде өтеді. Шараның мақсаты - олимпиада және халықтық спорт ойындарын одан әрі дамыту мен насихаттау, халықатар арасындағы достық пен келісімді нығайту, қала және ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, ШҚО аймақтарында спорт саласының материалдық базасын нығайту болып табылады.

Ойындар бағдарламасында жеңіл атлетика, волейбол, футбол, қазақша күрес, гир көтеру, армрестлинг, тоғыз құмалақ, бәйге (аламан, жорға жарыс, теңге алу, көкпар), шахмат, дойбы, үстел теннисінен сайыстар бар.

XI ойындар сайыстарына Өскемен, Семей, Зыряновск, Риддер, Курчатов пен ШҚО аудандарынан 2-ші және аудандар үшін 3-ші дәрежеден төмен емес дәрежелі спортшылардан жасақталған құрамалар қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны