10.10.2017, 17:36 7480

Шымкентте халықаралық талаптарға сай алғашқы бокс мектебі пайдалануға берілді

Жаӊа ғимаратта спортшылар үшін бокстыӊ әдіс-тәсілдеріне машықтануы үшін толық жағдай жасалған. Нысанда соӊғы үлгідегі заманауи оқу сыныптары, жаттығу бөлмелері, жанға жайлы қонақүй, медицина кабинеті, монша, арнайы кәсіпқой бокс кешені және 220 көрерменге лайықталған аренасы бар.

Шымкент. 10 қазан. Kazakhstan Today - ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебініӊ ашылу салтанатына қатысты.

Енді №5-ші спорт мектебі әлемдік кеӊістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұған дейін ел аумағында мұндай мүмкіндікке Астана және Алматы қалалары ғана ие болып келген еді.

Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бокс мектебі оӊтүстік өӊірі жас боксшыларыныӊ тыӊғылықты дайындалуына арналған басты спорттық база болып табылатынын айтқан өӊір басшысы кешен ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай алғашқы бокс мектебі екенін атап өтті.

"Спорт пен дене шынықтыру - қашанда мемлекеттік мәні зор әлеуметтік сала болып табылады. Елбасымыз дені сау, ойы сергек халық қана әлемдік бәсекеге қабілетті болатынын сан мәрте айтып келеді. Бұл ретте Президентіміз 2020 жылға дейін қазақстандықтардыӊ 30 пайызын бұқаралық спортқа тартуды тапсырған болатын. Ұрпағымыздыӊ рухы биік, денсаулығы мықты болуы үшін бұқаралық спортты барынша кеӊ насихаттап, жастардыӊ спортпен шұғылдануына өзіміз бастамашы болғанымыз дұрыс",-деді Ж.Түймебаев.

Жаӊа ғимаратта спортшылар үшін бокстыӊ әдіс-тәсілдеріне машықтануы үшін толық жағдай жасалған. Нысанда соӊғы үлгідегі заманауи оқу сыныптары, жаттығу бөлмелері, жанға жайлы қонақүй, медицина кабинеті, монша, арнайы кәсіпқой бокс кешені және 220 көрерменге лайықталған аренасы бар.

Сонымен қатар, мұнда жас өскіндердіӊ біліктілік қабілетін арттыру мақсатында Олимпиада ойындарыныӊ жеӊімпаздары мен ұлттық құрама мүшелерінен дәріс алуына жағдай жасалған. Бұл спорт мектебінде қазіргі таӊда 700-ге таяу тәлімгер жаттығуда, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны