21.02.2011, 17:00 23604

Туризм министрлігі Қазақстанда 100 спорт кешенін салуды ұсынды

Туризм министрлігі Қазақстанда 100 спорт кешенін салуды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - ақпан. Kazakhstan Today -

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов бүгін өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы тектес ел өңірлерінде 100 спорт кешенін салуды ұсынды.

"ҚР Президентінің тапсырмасы дене шынықтырумен және спортпен айналысуға жағдайлар жасағанда ғана жүзеге асатынын түсінеміз. Осы ретте "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аяқталысымен өңірлерде 100-ден аз емес дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу ұсыныстары түсіп жатыр",-деді Е. Қанағатов.

Комитет төрағасының пайымдауынша, спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке инвестициялар тарту бірінші басымдыққа қойылып, мемлекеттік деңгейде қолдау табуы қажет. "Шетелдердің спорт инфрақұрылымдарын дамытудың тәжірибесі, мемлекеттік органдар бизнес-құрылымдармен бірлесіп салынған инвестицияларды ынталандырудың және өзін-өзі ақтаудың өзіндік тетігін әзірлеп жатқандығын көрсетіп отыр",-деді ол.

Е. Қанағатов сондай-ақ ҚР ТСМ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай "Спорт және бизнес" тақырыбында ауқымды форум өткізетіндігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны