14.09.2016, 20:04 7848

Үндістанда өткен Азия біріншілігінде шымкенттік бойжеткен Перизат Қадырбекова Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасынан алтын медаль жеӊіп алған жалғыз дзюдошы И шымкенттік палуан Перизат Қадырбекова қалаға оралды. Бүгін таӊертеӊ жерлестері мен бапкер, туыстары чемпион қызды арнайы күтіп алды.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үндістанда өткен Азия чемпионатында шымкенттік бойжеткен Перизат Қадырбекова Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Отырар кз. сайтына сілтеме жасап.

Үндістанда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан алтын медаль жеӊіп алған жалғыз дзюдошы - шымкенттік палуан Перизат Қадырбекова қалаға оралды. Бүгін таӊертеӊ жерлестері мен бапкер, туыстары чемпион қызды арнайы күтіп алды.

Құрлық біріншілігі жастар арасында өткен болатын. Перизат 78 келідегі спортшылар арасында сынға түсті. 19 жасар дзюдошы ару осыған дейін екі рет Азия чемпионатына қатысып қоладан алқа таққан. Бұл - спортшы қыздыӊ алғашқы алтын жүлдесі.

Жыл басынан облыс спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 403 алтын, 392 күміс, 384 қола медальға қол жеткізді.

Өзеріӊіз білетіндей, ағымдағы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 күміс, 1 қола медальды облыстыӊ спортшылары салды. Есепті кезеӊде 1 спорт кешені іске қосылды.

Облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 2 күміс және 2 қола медальге ие болды.

Илем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 1 күміс медаль жеӊіп алды.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыста 5 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 - Қазақстан Республикасыныӊ спорт шебері, 176 - спорт шеберіне үміткер дайындалды.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыста 86 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. 13 облыстық, 58 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 9 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1спорттағы дарынды балаларға арналған интернат және 1 акционерлік қоғам.

2016 жылдыӊ 1 тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша облысымызда 5178 спорт нысандары тіркелген.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2016 жылдыӊ 1 тоқсанында 1027 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 122107 адам қатысты, оныӊ ішінде ауылды жерлерде 635 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 80398 адам қамтылған.

2016 жылдыӊ 1 тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 640815 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтыӊ қамтылуы 22,5 % жетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны