20.06.2017, 22:49 9308

Жыл басынан бері Қызылорда облысы спортшылары халықаралық бәсекелерде 25 медаль иеленді

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс спортшылары халықаралық сайыстарда сәтті өнер көрсетіп, Азия және Илем чемпионаттарында 7 - алтын,10 - күміс, 8 - қола медаль иеленді.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері Қызылорда облысы спортшылары халықаралық бәсекелерде сәтті өнер көрсетіп, 25 медаль иеленді. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Жақсылық Оспанов хабарлады.

Қазір облыс бойынша жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға артып, олардыӊ саны 203594 адамға жеткен. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі күні мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде 133 елді мекенде 270 спорт нұсқаушысы азаматтарды дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.

"Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардыӊ санын 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуіміз керек. Осы ретте соӊғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биылдыӊ өзінде облыстық бюджет есебінен 7 елді мекенде спорт кешенініӊ құрылысы басталды" - деді сала басшысы.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс спортшылары халықаралық сайыстарда сәтті өнер көрсетіп, Азия және Илем чемпионаттарында 7 - алтын,

10 - күміс, 8 - қола медаль иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны