09.09.2019, 21:58 21514

Ақтөбеде әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразәли және "Жас сарбаз" ұйымының төрағасы аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды.

Нұр-Сұлтан. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2019 жылы 6 қыркүйекте, Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен Ақтөбе облысының әкімшілігі және де "Жас Сарбаз" Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразәли және "Жас сарбаз" ұйымының төрағасы аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды.

Салтанатты шара соңында Қорғаныс ведомства басшысы әкімге төс белгі мен Ақтөбе облысы бойынша "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы өңірлік үйлестіру кеңесінің құрметті төрағасы куәлігін табыс етті.

Меморандум Қазақстандағы жастар қозғалысының дамуындағы кезекті қадам ретінде жастардың бастамаларын қолдауға, патриотизмді арттырудағы өзара ынтымақтастыққа, сондай-ақ әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуге ықпал етеді.

Қорғаныс ведомствасы мен жергілікті атқару органдарының арасындағы ынтымақтастық жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және мәдени өзара іс-қимылда жаңа деңгейгекөтереді.

Мемарандум шеңберінде біршама тапсырмалар анықталған. Бірлескен форум, акциялар, әскери-патриоттық жиындар мен семинарлар ұйымдастыру, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда ынтымақтастық туралы меморандум Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен қол қойылған. "Жас сарбаздың" өңірлік филиалдары Қазақстанның барлық облыстарында қызмет атқаруда.

Ескерту:"Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігінҚР Қорғаныс министрлігі2018 жылыбасқа мемлекеттік органдармен бірлесіп құрды."Жас Сарбаз" қозғалысының жарғысы құрылтайшылардың жалпы жиналысында мақұлданды және 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.

2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық Әскери-Патриоттық Орталығында болып, "Жас Сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті, әскери патриоттық қозғалыстың әрі қарай дамуын, сонымен қатар аймақтардағы қозғалыс филиалдарын құруды бастады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны