Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Шымкенттегі медициналық мекемелерді аралады
Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Шымкенттегі медициналық мекемелерді аралады.
Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласындағы бірнеше медициналық нысанды аралап шықты.
Қалалық әкімдікте шаһар басшысы Мұрат Әйтеновпен бірге індетке қарсы күрестің нәтижелерін талқылап ситуациялық штабтың жұмысымен танысты. Халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмек жөнінде және маман тапшылығын жоюдағы бастамалар туралы сұрастырды. Сонымен қатар, министрдің орынбасары Денсаулық саласындағы ахуал жөнінде онлайн-жиналыс өткізіп қатардағы қарапайым қызметкерлердің пікірін білді.
Ажар Ғинияттың айтуынша, Шымкентте 5 аптаның ішінде ауруханалардағы емделуге арналған жатын орындардың жүктемесі 60 пайызға дейін төмендеген. Оның ішіндегі жансақтау бөліміндегі орындар 66 пайызға азайған. Пандемияға және енгізілген қатаң карантиндік шараларға байлансты дәрігерлер науқастардың үйіне барып қызмет жасады.
Республика бойынша мобильді бригадалардың саны 7,6 есеге көбейіп қазіргі уақытта жалпы саны 3640-ты құрады. Шымент қаласында 211 бригада жұмыс істеп тұр. Мобильді бригадалар 5 мыңнан астам халықты қамтыды. Шымкент қаласы 5,0 көрсеткішті құрады.
"Емханалардың, жедел-жәрдемнің жанынан халыққа кеңес беретін 4040 Call-орталықтар құрылды. Шымкентте осындай 12 орталық іске қосылды. Медициналық жедел-жәрдемнің түнгі ауысымы 2000 бригадаға дейін өсті. Дегенмен, қазір жедел-жәрдемге хабарласу көрсеткіші 62 пайызға дейін азайды. Қала бойынша бұл көрсеткіш 37 пайызды құрайды.
Осыдан соң министрдің орынбасары індет өршіп аурулар саны күрт көбейген кезде жедел салынған модульді инфекциялық стационар саналатын "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын" аралап шықты. 200 орынға шақталған мекеменің жұмысымен жан-жақты танысты.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, COVID-19 қарсы күресті күшейту мақсатында 26 провизорлық орталық жұмыс істеген. Қазіргі таңда соның 19 пайызы қалды. Яғни, уақытша емдеу орындарының жүктемесі 81 пайызға азайған.
Тамыз айынан бастап медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшті. Атап айтқанда, науқастар жоспарлы ем қабылдай алады.
Анықтама ретінде: 14 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 5134 науқас тіркелді. Оның ішінде 2617 адам симптомды, 2517 адам симптомсыз науқастар. Жазылып шыққандар саны 4285.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 420 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан ДСҰ алдындағы сауда рәсімдерін жеңілдету міндеттемелерін толық орындады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады
Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты", - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда", - деді Нұржан Нұржігітов.
Қазсушар" компаниясы "Көксарай" қарсы реттегішіне жөндеу жұмыстарын аяқталды, бұл нысанның су жинақтау көлемін 2 млрд текше метрге дейін арттырады.
Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды", - деп толықтырды сөзін Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Таза көмір" және эмиссияларға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі: Олжас Бектенов "Жасыл экономика" жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша міндеттер қойды. Біз "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз, онда ауаның ластануын азайту және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Оларға қол жеткізу - барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуды және күл-қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қамтамасыз етуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
"Таза көмірдің" заманауи технологияларына тез көшу керек. Бұл көмір электр стансаларының тиімділігін арттырады және қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайтады. Әсіресе біз осындай қорға ие бола тұра, көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз, бұл - объективті шындық. Сондықтан оны қолдана беретініміз анық. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көздері заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Энергия көздерін жаңғыртудағы әрбір жұмыстың нәтижесі ластаушы заттарды ең аз бөлу талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұған ұмтылу керек және осы басты межеден ауытқымау қажет. Біздің алдымызда үш ЖЭО салу бойынша және Екібастұздағы жаңа энергоблоктар бойынша үлкен жобалар тұр. Бұл жаңа жобалардың барлығы зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 стансасы" АҚ және "Алматы электр стансалары" АҚ-лардың кәсіпорындары Энергетика министрлігі бекіткен газ тазарту жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуды, электр сүзгілерін жаңартуды, азот тотығы, күкірт қалдықтары және шаң-тозаңды азайтуды, сондай-ақ орнықты дамуға және неғұрлым таза энергетикаға көшуге бағдарлауды растайтын анағұрлым экологиялық технологиялық шешімдерге көшуді көздейтін жол карталарын жүзеге асырады.
Жасыл Академия" ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина кәсіпорындардың декарбонизациядағы қызметі үшін қосымша критерилерге бастамашы болды. Сондай-ақ, ол ластаушы заттарды азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге климаттық қаржыландыруды тарту үшін халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева кәсіпорындарды парниктік әсерге қарсы күрес, ESG-қағидаттарын енгізу және көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды. Алматы қаласындағы экологиялық стандарттардың деңгейін еуропалық көрсеткіштермен салыстыруға болатыны атап өтілді, бұл азаматтардың араласуы жоғары деңгейде екенімен және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы дамығанымен байланысты. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" тобына кіретін жекелеген жылу энергетикалық нысандардағы жұмысты күшейту және технологиялық шешімдерді енгізуді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігі айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы
Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Нысанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлемек
- металлургия (өңдеу құрылымында 40%) - өсу 1,1%,
- машина жасау (17,5%) - өсу 12%,
- тамақ өнеркәсібі (13,1%) - өсу 9%,
- құрылыс материалын өндіру (5,6%) - өсу 6%,
- химия өнеркәсібі (5,4%) - өсу 6%,
- жеңіл өнеркәсіп (0,7%) - өсу 5%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды
Елімізде барлығы 2 907 лицензия және 251 қатты пайдалы қазбалар келісімшарты бар. Біз жер қойнауын тиімді игеру үшін геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті вице-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз. Бүгінгі таңда 2 млн шаршы шақырымнан астам зерттелді, ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді. Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталды", - деді ол.
Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады", - деп түсіндірді Иран Шархан.
Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа" басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады", - деп атап өтті Иран Шархан.
Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді
Біздің бағыт - көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жақсарта отырып, қолжетімділігін арттыру. Цифрландырудың алғашқы нәтижелерін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Озық технологияларды қарқынды енгізуді жалғастыру қажет. Процестерді автоматтандыру медициналық персоналды бюрократиялық рәсімдерден босатып қана қоймай, емдеу мен дәрі-дәрмекке бөлінген қаражаттың жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сол кезде азаматтар да, дәрігерлер де, мемлекет те реформалардың нәтижелерін айқын көретін болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 177766Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 177516Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 173091Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 141886Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183796Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 178066Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 177766Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 177516Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 173091Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

