28.09.2020, 19:13 4806

Стартап-жобаларға ие мүгедектікі бар тұлғаларды қолдау шаралары қаралды

Кездесу екі сессиядан тұрды, оның біріншісі мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша Біріккен ұлттар ұйымы мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсынымдарын орындауға арналды, ал екіншісі - лайықты өмір сүру деңгейіне мүмкіндік.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің төрағалығымен, үкіметтік емес ұйымдар жасаған 50 жол картасын ескере отырып, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің ұсынымдарын талқылау бойынша онлайн режимде жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлікпен айналысатын немесе стартап-жобаларға ие мүгедектікі бар тұлғаларды қолдау шаралары, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту туралы шаралар жайы айтылды.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сарапшысы Әлия Айсина, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сарапшысы Данияр Сабирин, сондай-ақ үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

Кездесу екі сессиядан тұрды, оның біріншісі мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша Біріккен ұлттар ұйымы мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсынымдарын орындауға арналды, ал екіншісі - лайықты өмір сүру деңгейіне мүмкіндік.

Ерлан Әукенов мүгедектігі бар тұлғалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер туралы (24 заңнамалық актіге және 3 кодекске түзетулер енгізу), жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы хабарлады.

Вице-министр өз сөзінде мүгедектігі бар адамдарды белсенді жұмысқа тарту мәселесіне ерекше назар аударды.

"Қазіргі уақытта мүгедектігі бар тұлғаларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізілуде. Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар 120 адам IT-мамандықтар бойынша білім алуда. Кәсіппен айналысатын немесе стартап жобалары бар мүгедектігі бар тұлғаларға акселерация, істі кеңейту, бизнес-тәлімгерлік, оқыту, жаңа нарықтарға шығуға көмектесу мақсатында көмек көрсетіледі", - деді Ерлан Әукенов.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында мүгедектігі бар азаматтарға арналған Мамандықтар атласын әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыс берушілерге, жұмыспен қамту орталықтарына және жеке HR-агенттіктерге, шектеу түріне сәйкес бос жұмыс орындарын таңдауға, Электронды еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарын таңдауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кездесуде, БҰҰ мүгедектердің құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Агилар сөз сөйледі. Бұған дейін, ол, мүмкіндігі шектеулі жас әйелдердің репродуктивті денсаулықты қорғау құқығын заңнамалық деңгейде тануды ұсынды. Осыдан кейін ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінде азаматтардың еркін репродуктивті таңдауы, репродуктивті денсаулықты қорғау қызметтерін алу және отбасын жоспарлау құқықтары анықталды.

Сонымен қатар, бұған дейін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мұғалімдерді оқытуды және мүгедектігі бар балалардың қажеттіліктері үшін қарапайым мектептердегі сыныптарды бейімдеуді ұсынған. Ұсынымдарды орындау үшін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдары жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталуда.

"Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры" ҚҚ президенті Зәуреш Батталова халықтың тұрмысы төмен және ғаріп топтарына жататын адамдарға әлеуметтік тұрғын үйді кезектен тыс беруді көздейтін "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынды.

Осы мәселені шешу үшін ағымдағы жылдың 11 мамырында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында, жыл соңына дейін Қазақстан Үкіметіне есепке алу, кезекке қою және тұрғын үйді бөлу құзыретін бере отырып, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институты - "Отбасы банкін" құру тапсырылды. Банкте тұрғын үйге мұқтаж барлық адамдардың есебін жүргізетін, кезекте тұрғандардың мәліметтер қорын қалыптастыратын және жүргізетін, сонымен қатар тұрғын үйді, оның ішінде жалға берілетін баспананы тарататын "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" құрылады.

Кездесуді қорытындылай келе, Ерлан Әукенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары жөніндегі ұсынымдарды жүзеге асыруға қатысты үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру аясында бірлескен жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны