30.09.2020, 21:52 9356

Мәжіліс Беларусьпен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарады

Бұл келісім көші-қон процестерін реттеу және азаматтық мәселелері, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша мәліметтер алмасу үшін қолайлы жағдай жасайды, - деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс Беларусьпен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарады.

30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы қаралды.

Бұл келісім көші-қон процестерін реттеу және азаматтық мәселелері, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша мәліметтер алмасу үшін қолайлы жағдай жасайды, - деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Келісім бойынша:

1) статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен;

2) тараптар мемлекеттерінің өз аумақтарындағы азаматтары туралы мәліметтерімен;

3) көші-қон заңнамасының бұзылуы және заңсыз көші-қон арналары туралы ақпаратпен алмасу;

4) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу және практикалық көмек көрсету;

5) азаматтардың Тараптар мемлекеттерінің аумағында болуының құқықтық мәртебесі мәселелерін қарау; жағдайлары қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, Келісім берілуі мүмкін дербес деректердің тізбесін айқындайды, сондай-ақ сұрау салуды орындаудан бас тарту шарттарын айқындайды.

Тек 2019 жылы Қазақстанға 31 130 беларусь азаматы келіп, 31 198 азаматы кетті, 2 974 азаматы уақытша есепке қойылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны