13.01.2020, 15:22 7389

ҚР Ұлттық ұланы Ән-би Ансамбілінің ХII Гала-концерті өтті

Биыл музыканттар: "Мәңгілік ел - мұратымыз!" ұранымен осымен он екінші рет жанды дауыстарымен өз көрермендерін қуантты.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылдың 10 қаңтарында елімізде ұландықтардың кәсіби мерекесі - ҚР Ұлттық ұланынның құрылған күні атап өтілді. Осыдан 28 жыл бұрын, 1992 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері құрылды, ал 2014 жылды 21 сәуірінде олар Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. 2015 жылдың 10 қаңтарында "ҚР Ұлттық ұланы туралы" Заңға қол қойылды. Құқықтық тәртіп әскерінің төл мерекесіне орай "Қазақстан" орталық концерт залында Ұлттық ұлан Ән-би Ансамбілінің Гала-концертін ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Ансамбль музыканттары мен солистерінің орындауындағы әскери - патриоттық әндер еліміздегі барлық патриоттық шаралардың келбетіне айналды. Әскери тақырыпқа байланысты бірде-бір концерт ұландық өнерпаздардың қатысуынсыз өтпейді. Ұлттық ұлан ән-би Ансамблі бүгінгі таңда мемлекетіміздің орталық залдарында Гала-концерт беретін бірегей әскери-музыкалық ұжым.

Биыл музыканттар: "Мәңгілік ел - мұратымыз!" ұранымен осымен он екінші рет жанды дауыстарымен өз көрермендерін қуантты.

Айта кету керек, ұландықтар өз өнерімен алғашқы болып еліміздегі маңызды әрі мерейтойлық даталарды атап өтуді бастады. Алтын орданың 750 жылдығы, философ-ғалым, Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің - 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы іспетті ел тарихындағы маңызды даталарды өздерінің көркем қойылымдарында көрсетеді.

Концерттік бағдарламада еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары, халықаралық байқау лауреаттары өнер көрсетті.Атап айтқанда: Еділ Құсайынов, Маржан Арапбаева, Ғайни Жұмашева, Мұрат Қожа, Мұрат Нұрғазиев, Жеңіс Сейдоллаұлы, Виктор Яшновский, Естай Мұқашев және тағы басқалары көрермендерді өнерімен тәнті етті.

Концерттік зал сахнасында елжандылық рухы мен ұрпақтар сабақтастығына толы майдан және әскери әндер орындалады. Сондай-ақ, көрермендер заманауи эстрадалық музыкаларды естіп, театрландырылған көріністерді, ұландық бишілердің билерін және "Спасская башня - 2019" Халықаралық әскери - музыкалық фестиваль қатысушылары Ұлттық ұлан Құрмет қарауыл ротасының орындауындағы қарумен дефилені көрді.

Шара басталмас бұрын көрермендер үшін құқықтық тәртіп әскерінің құрылу күніне арналған видео және баспа продукциясының көрмесі ұйымдастырылды.

Ақпарат үшін: Ансамбльдің көркем жетекшісі болып Ресей Федерациясы ҚМ Мәскеулік әскери-дирижерлік факультетінің түлегі, Вероника Дударова атындағы оркестлік дирижерлар байқауының І дәрежесінің лауреаты капитан Дархан Рахымғалиев болып табылады.

Ансамбль құрамында ерлер хоры, вокалшылар және бишілер тобы, биг-бэнд, фольклорлық топ және концерттік оркестр бар.

Ансамбль репертуары әр алуан, онда әскери әндер, халық музыкасы, эстрада және жастар стилі, әлем халықтарының әндері мен билері бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны