11.06.2019, 20:13 9284

"Қорғас" шекаралық бақылау аймағында 10 438 185 теңге алып кірмек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

Қызметтік итті ізге салып, түнде көретін құрылғымен шекарашылар сөмке табылған жерден сәл әрірек, қос қоршаудың ортасында дымын ішіне тартып,жерге жабысып жатқан шекара бұзушыны қолға түсірді.

Нұр-Сұлтан. 11 маусым. Kazakhstan Today - Кеше кешкілік (10.06.19 ж.), сағат 18.30 шамасында "Қорғас" шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан "Шекара бойы ынтымақтастығы орталығы" аумағына кедендестірілмеген, жалпы сомасы 10 438 185 теңге алып кірмек болған 50 жастағы Қырғызстан азаматы және Орталық аумағынан "ESSE" 80 блок темекі өнімдерін Қазақстанға заңсыз алып кірмек болған 29 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Екеуі де заңсыз іс-әрекеттерін кедендік және шекаралық бақылаудан өтіп болғаннан кейін жалғастырмақ болған. Олардан алынған ақша мен темекі өнімдері "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Шекараны бұзып өтпек болғандар

Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" заставасы аумағында шекара наряды техникалық бақылау құралдары арқылы түн қараңғылығын жамылып, тыл жақтан жасырынып Мемлекеттік шекараға қарай келе жатқан белгісіз адамды байқап қалған. Суыт жүрісті адамның бағытының алдын алып, жетіп үлгерген шекара наряды оны сымтемірлі торды бұзып өтпек болған жерінен қолға түсірді. Ұсталған азамат 1976 жылғы, "өз еліне қарай асыққан" өзбекстандық болып шықты.

Тараз шекара отрядының "Гродеково" шекара заставасынан шыққан шекара наряды өткен түнде, сағат 23.40 шамасында шекара бойын шолып жүріп, із бақылау жолағында жатқан қара түсті үлкен спорттық сөмкені байқап қалған.

Қара түнді қақ жарып шыға келген шекарашыларды көре сала сөмкесін тастай зытқан шекара бұзушы алысқа кете қоймаса керек-ті. Дәл солай болыпты да. Қызметтік итті ізге салып, түнде көретін құрылғымен шекарашылар сөмке табылған жерден сәл әрірек, қос қоршаудың ортасында дымын ішіне тартып,жерге жабысып жатқан шекара бұзушыны қолға түсірді. Қазақстаннан Қырғыз аумағына қарай шекараны бұзып өтпек болған 40 жастағы Қырғыз азаматы екен, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны