10.04.2015, 22:10 4535

10 сәуірден бастап әр азамат сайлаушылар тізімдерінегі өзі туралы деректерді тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінде тексере алады

Конституцияға және сайлау заӊнамасына сәйкес он сегіз жасқа толған әр азаматтыӊ сайлауда дауыс беру құқығы бар

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Конституцияға және сайлау заӊнамасына сәйкес он сегіз жасқа толған әр азаматтыӊ сайлауда дауыс беру құқығы бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сайлаушыныӊ бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімдерін жасайды және мәліметтердіӊ растығы мен толықтығына жауапты болады.

Азаматты нақтылы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оныӊ осы сайлау учаскесініӊ аумағында тұратын жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

5 сәуірде сайлау туралы заӊға сәйкес әкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылардыӊ жаӊартылған тізімдерін тапсырды.

Икімдіктердіӊ, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдардыӊ сайлаушылар тізімдерін нақтылау бойынша бірлесіп жүргізген жұмысыныӊ нәтижесінде белсенді сайлау құқығына ие азаматтардыӊ жалпы саны 2015 жылғы 1 қаӊтардағы деректермен салыстырғанда 213 мыӊ адамға артты.

10 сәуірден бастап сайлаушылардыӊ жаӊартылған тізімдері учаскелік сайлау комиссияларыныӊ үй-жайларында танысу үшін ұсынылады және әрбір сайлаушы өзі туралы деректерді тікелей сайлау учаскелерінде дауыс беру күніне дейін және сайлау күні тексере алады.

Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын құжаттармен (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы) келіп, сайлаушылар тізімімен мұқият танысу қажет.

Мекенжай анықтамасын сайлаушы халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО), "электрондық үкімет" порталында (электрондық-сандық қолтаӊбасы - ЭСҚ-сы болған жағдайда) немесе ХҚО-да орналасқан ҚҚП-терминалдан ЖСН арқылы ала алады.

Сайлаушыныӊ тегі тізімде болмаған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктер жіберілген жағдайда, сайлаушы көрсетілген құжаттар негізінде өзін тізімге кіргізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардыӊ сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ОСК олардыӊ кедергісіз және қауіпсіз кіріп-шығуы үшін сайлау учаскелерін мүмкіндігінше құралдармен (арнайы пандустар, тұтқалар және т.б.) жабдықтау туралы өтінішпен әкімдіктерге жүгінді.

Сайлаушылар туралы ақпаратты нақтылау үшін республиканыӊ әрбір ауданы мен қаласында мамандандырылған Call-орталық құрылды. Ел бойынша олардыӊ саны 441. Өзініӊ ауданындағы немесе қаласындағы Call-орталығына телефон шалып, сайлаушы сондай-ақ өзініӊ сайлаушылар тізіміне енгізілгені, қай сайлау учаскесінде тіркелгені туралы мәліметтерді біліп, сонымен қатар өзі туралы деректерді тексере алады. Call-орталықтарыныӊ телефондары туралы ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтар енгізіледі.

Искери бөлiмдер бойынша оларда тұратын әскери қызметшiлердiӊ барлығы, сондай-ақ олардыӊ отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Искери бөлiмдерден тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi.

Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасыныӊ өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканыӊ жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген азаматтар учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардыӊ Қазақстан Республикасыныӊ азаматы деген жарамды паспорты болса, сондай-ақ сайлаушылар тiзiмiне енгізілуі тиіс.

Жатақханаларда тұратын, күндізгі бөлімде оқитын студенттер мен аспиранттар жатақхананыӊ тұрған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі, ал жатақханада тұрмайтындар ХҚО-ға жүгініп, жатақхананыӊ немесе ЖОО-ныӊ орналасқан мекенжайы бойынша уақытша тіркеле алады. Бұдан кейін олар сондай-ақ жатақхананыӊ немесе ЖОО-ныӊ орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ аумағында өзініӊ елді мекенінен тыс шыққан жағдайда елдіӊ кез келген учаскесінде дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі мүмкіндік береді.

Оны сайлаушы тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясында жазбаша өтініші мен жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша 10 сәуірден бастап 25 сәуірде 18.00 сағатқа дейінгі кезеӊде ала алады.

Сонымен қатар азамат уәкілетті тұлғаға өз атына есептен шығару куәлігін алу құқығына нотариат растаған сенімхатты беруге құқылы.

Бұл басқа елді мекенге кетіп қалған, өз учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ сайлаушылардыӊ есептен шығару куәлігін алып, сайлауға қатысуына мүмкіндік береді.

Бұл ретте бір елді мекенніӊ шегінде есептен шығару куәліктері берілмейтінін есте сақтау маӊызды.

Дауыс беру күні есептен шығару куәлігі мен сайлаушыныӊ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы оны барған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны