16.08.2019, 19:05 11512

Үкімет қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттардың санын 110 миллионға қысқартуды жоспарлап отыр

Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл ретте Үкімет қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттардың санын 110 миллионға қысқартуды жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары Қазақстандағы аса маңызды және сезімтал сала болып қала беретіні құпия емес.

Бүгінде ведомство көрсететін 38 мемлекеттік қызметтің 13-і электрондық форматта, төрт қызмет - проактивті (өтінішсіз), жеті қызмет-бір өтініш принципі бойынша көрсетіледі. Атап айтқанда, бала туу бойынша жәрдемақы өтінішсіз тағайындалады. Ал бір өтініш принципі бойынша кешенді түрде төрт түрлі зейнетақы төлемі тағайындалады. Сонымен қатар, жақында енгізілген электрондық мемлекеттік қызметтердің ішінде міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмыс берушінің жұмыскерге жүргізген әлеуметтік аударымдар туралы толық және уақтылы мәліметтерді иеленуге мүмкіндік беретін әлеуметтік есептеудің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру бойынша қызмет ұсынылғанын атап өткен жөн.

Министрліктің жоспарында жылдың соңына дейін тағы 20 мемлекеттік қызметті электрондық және проактивті форматқа көшіру көзделген. Мәселен, 1-топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жолдама беру сияқты қызметтерді электрондық және проактивті форматқа ауыстыру жоспарлануда. Сонымен бірге, ведомство азаматтарға онлайн режимде көрсетілетін қызмет қандай деңгейде екенін көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтердің мониторингі жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Еңбек министрлігін цифрландыру шеңберінде: электрондық еңбек биржасы, электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі, пилоттық режимде - отбасының әлеуметтік картасы және әлеуметтік қызметтер порталы және т. б. бірқатар жобалар табысты іске асырылып жатқанын атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны