15.05.2015, 23:22 4282

17 мамырда Қазақстанда АИТВ/ЖИТС жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өтеді

2015 жылғы 17 мамырда еліміздіӊ барлық өӊірлерінде Бүкіләлемік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында АИТВ/ЖИТС жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған тақырыптық акциялар өтеді

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 17 мамырда еліміздіӊ барлық өӊірлерінде Бүкіләлемік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында АИТВ/ЖИТС жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған тақырыптық акциялар өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараныӊ негізгі мақсаты - бүгінгі таӊда АИТВ инфекциясын уақытылы емдеген жағдайда ол өмірге қауіп төндіретін дерттен созылмалы ауруға айналып, толыққанды ұзақ өмір сүруге болатынын адамдарға түсіндіру боп табылады.

Яғни, адамдарды АИТВ-ге тест тапсырудан, ол туралы ашық айтудан қорықпауға үндеуді, туындаған сұрақтарына жауап табуына көмектесуді, қатерлі дерттен қаза тапқандарды еске алуды және осы дертпен өмір сүріп жатқан адамдарға, олардыӊ туыстары мен жақындарына қолдау көрсетуді көздейді.

АИТВ індеті тарала бастағалы әлемде шамамен 78 млн. адам дерт жұқтырып, 39 млн. адам ЖИТС-пен байланысты аурулардан көз жұмды.

Қазақстанда ауруға қарсы жүйелі іш-шаралар жүргізу нәтижесінде АИТВ инфекциясыныӊ таралуына қатысты жағдай тұрақталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ бағалауынша, шоғырландырылған деӊгейде сақталып отыр. Республикада дертке шалдыққан адамдардыӊ барлығы үшін емделуге, күтінуге жалпы қолжетімділік қамтамасыз етіліп, науқастардыӊ өмір жасын ұзартуға және өлім-жітімді азайтуға ықпал етуде.

2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылы антиретровирустық терапия алатын АИТВ-мен өмір сүретін науқастар саны 4,5 есеге артты. Оӊтүстік Қазақстан облысында балаларды тиімді емдеу үшін "Ана мен бала" арнаулы оӊалту орталығы қызмет етеді. Антиретровирустік терапияныӊ тиімділігін бақылайтын жаӊа технологиялар енгізілуде. АИТВ дертіне шалдыққан адамдарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін телемедицина жетістіктері кеӊінен пайдаланылуда.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік ЖИТС құрбандарын еске алу күні 1983 жылдан бері әлемде мамыр айыныӊ үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны