28.07.2014, 20:09 5824

1 тамыздан бастап Алматы-Ақтөбе бағытында жаңа пойыз жүретін болады

Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 "Алматы-2 - Ақтөбе" бағытындағы "Жібек жолы" жолаушылар пойызы сапарға шығады. Құрам төрт күнде бір рет қатынайды, - деп "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 "Алматы-2 - Ақтөбе" бағытындағы "Жібек жолы" жолаушылар пойызы сапарға шығады. Құрам төрт күнде бір рет қатынайды, - деп "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жүрдек жолаушылар қозғалысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 "Алматы-2 - Ақтөбе" бағытындағы "Жібек жолы" жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады. Пойыз құрамы "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталады.

Айта кетерлігі, Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 "Бизнес", 2 "Гранд", 14 "Турист", 1 вагон ресторан, 1 вагон-кафетерий. Құрам Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан, Қызылорда, Қазалы, Сексеуіл станцияларына аялдайды. Ақтөбеге дейінгі жол 30 сағат 08 минутты, қайтар жол 29 сағат 51 минутты құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны