21.08.2006, 12:57 3245

1-қыркүйекте кезекті парламент сессиясы ашылады

АСТАНА. 21-тамыз. Kazakhstan Today. 1-қыркүйекте парламенттің кезекті сессиясы ашылады. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 1-қыркүйегінде сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Бірлескен отырыста үшінші шақырылған парламенттің төртінші сессиясы ашылады. Еліміздің Ата заңына сәйкес, парламент сессиясының ашылуына ел президенті қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны