10.01.2008, 18:42 3173

2007 жылы Қазақстанда өрт саны 9,1%-ға азайды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

2007 жылы Қазақстанда өрт саны 9,1%-ға азайды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Қазақстанда 18 119 өрт оқиғасы шықты. Ол 2006 жылғы көрсеткіштен 9,1 пайызға кем. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Сергей Дыринның бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі барысында таратылған өрт ахуалына жүргізілген талдауда осындай мәліметтер келтірілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Талдауға сәйкес, орын алған 18 119 өрт нәтижесінде 515 адам қайтыс болып, 590 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Материалдық шығын 4 млрд 94 млн теңгені құраған.

"Осылайша, өрт оқиғаларының саны 2006 жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға қысқарып, шығын 2,3 есе азайған. Ал өрт кезіндегі адам шығыны 22,7 пайызға төмендеді", - деп көрсетілген құжатта.

Өрт саны Ақтөбе (12,66%) және Оңтүстік Қазақстан (8,65%) облыстарында өскен.

Өрт кезінде қаза тапқандардың санының өсімі Маңғыстау (2,4 есе), Қызылорда (на 12,5%), Жамбыл (5,56%) және Солтүстік Қазақстан (3,17%) облыстарында тіркелген.

Өрт кезінде қайтыс болғандардың саны ең көп тіркелген Шығыс Қазақстан (68), Солтүстік Қазақстан (65), Қарағанды (59), Алматы (54), Қостанай (52) облыстары.

Бұған қоса, талдау құжатында өрт санының 68 пайызы тұрғын үйде болғаны көрсетілген.

"Өрт туындауының басты себептерінің бірі отты пайдалануда сақ болмау. 7791 өрт немесе өрттің жалпы санының 43 пайызы осы себептен туындаған. Адамдардың өрт кезінде қаза табуларының негізгі себебі мас күйінде темекі шегу (287 адам немесе 55,7 пайыз)", - деп көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны