17.06.2008, 17:29 2805

2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті

2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіндегі Астананың 10-жылдығына байланысты мерекелік шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кеңейтілген отырыс барысында Астана қалалық өрт сөндіру қызметі департаментінің бастығы Берік Құтпанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 5 айында Астанада 216 мәрте өрт болды. Одан келген материалдық шығын 6 млн 613 мың теңгені құраса, 6 адам құрбан болды", - деді Б. Құтпанов.

Оның айтуынша, өрт саны 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29,9 пайызға, шығын - 88,2 пайызға, құрбан болған адамдар саны 2,5 есе азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны