15.01.2008, 13:12 1946

2008 жылдың басынан бастап автокөліктерге мемлекеттік номерлер автоматты түрде тағайындалатын болады

2008 жылдың басынан бастап автокөліктерге мемлекеттік номерлер автоматты түрде тағайындалатын болады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1-ші қаңтаранын бастап автокөліктерге мемлекеттік номерлер автоматты түрде тағайындалатын болады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Орынбасар Қосанов бүгін өткен пбспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер бұрын көлік құралына номер беру ісімен жол полициясының тіркеу бөлімшесінің қызметкері тікелей айналысып келсе, бұдан былай осы процесс автоматты түрде жүзеге асырылатын болып, бағдарлама түрлі автокөлікке қандай номер беру керек екендігін өз бетімен айқындайды. Бұл "777" немесе "001" секілді "еркетотай , айрықша" номерлер беруге мүлдем жол бермейтін болады", -деді О. Қосанов.

Астана бірінші болып аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Биылдан бастап қалада төрт тіркеу бөлімі жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны