31.07.2007, 18:58 6096

200 жуық үлес қосушыларды алдаған "Алматыинвестстрой" директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды - прокуратура

АЛМАТЫ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. "Алматыинвестстрой" ЖШС директоры Сергей Дмитриенко үлес қосушылармен жүзден астам келісімді заңсыз жасаған, оның үстінен алаяқтық жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақша қаражатты жымқыру дерегі бойынша Алматы прокуратурасының нұсқауымен экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департамент "Алматыинвестстрой" ЖШС директоры Сергей Дмитриенконың үстінен 27-шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағында қарастырылған қылмыс (алаяқтық) белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады",- деп мәлім етті Б. Тайымбетов. Ол "алдын ала жүргізілген тергеу барысын прокуратура ерекше бақылауға алғандығын" атап өтті. Б. Тайымбетовтың нақтылауынша "қылмыстық іс азаматтардың көптеген арыздары бойынша қозғалған".

Прокурордың орынбасары, "Алматыинвестстрой" ЖШС жергілікті атқару органы актісінің негізінде 2005 жылдың қарашасында Өтепов көшесінің оңтүстігі мен Тәжібаев көшесінің батысында орналасқан жалпы алаңы 0,9 га астам жер теліміне қызмет көрсету нысандары, жер асты паркингі бар көп пәтерлі үйлер салу жөніндегі құрылыс салушы болып жарияланғандығын" хабарлады.

Сонымен қатар, оның мәліметтеріне сүйенсек, "Алматыинвестстрой" ЖШС жер теліміне құқығын куәландыратын құжаттарды да, құрылыс салуға рұқсат та алмаған, жобалық-сметалық құжаттама да жасалмаған". "Ал адамдармен келісім жасау үшін компанияда жер телімінің мемлекеттік актісі болуға тиіс, ал аталмыш ЖШС ол да жоқ",- деп түсіндірді ол.

Бірақ, Б. Тайымбетовтың ақпараттарына сүйенсек, "Алматыинвестстрой" ЖШС директоры 2005 - 2006 жылдар аралағында Өтепов - Тәжібаев көшелерінің маңында тұрғын үй кешенін салуға үлес қосу туралы жүзден астам келісім жасаған. Атап айтқанда, оның айтуынша, "алдау мен сенімге кіру жолымен ол екі адаммен 14 млн теңгеден астам сомада үлес қосу туралы келісім жасаған, ақша алынып мақсатсыз жұмсалған".

Сонымен қатар, оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта Алматы прокуроры "Алматыинвестстрой" ЖШС мен С. Дмитриенконың жылжитын және жылжымайтын мүлкін тұтқындаған. "Қазір Дмитриенконың жүрген жерін анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілетін болады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны