03.07.2014, 20:56 2884

2013 жылдан бері қаржы полициясы жемқорлық ақпарын берген адамдарға 25 млн теңге төледі

Өткен жылдың басынан бері қаржы полициясы жемқорлық деректерін хабарлаған 229 адамға 25 млн теңге төледі.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Өткен жылдың басынан бері қаржы полициясы жемқорлық деректерін хабарлаған 229 адамға 25 млн теңге төледі.

ҚР Экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда жемқорлық деректерін хабарлаған адамдарға сыйақы тағайындау туралы Ереже бар.

Жемқорлық жүйесіне қарсы тұру құралының бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсеткен азаматтарды материалдық қолдау қарастырылған.

"Мойындау керек, сыйақының бекітілген шектеуі мемлекеттің мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін жемқорлық қылмыстары туралы ақпараттарды ашуға дайын азаматтарды ынталандыру деңгейіне жетпейді. Осылайша енгізілген институттың әлеуетін толыққанды ашуға мүмкіндік болмай отыр. Жемқорлық деректерін хабарлаған жандарды мемлекеттік сыйақымен қамтамсыз етуді жетілдіру керек", - дейді агенттіктің ақпараттық-сараптамалық департаментінің жетекшісі О.Бектенова.

Оңтүстік Кореяда келтірілген шығын немесе жемқорлық құнының белгілі бір пайызын хабарлаған адамға беру жүйесі енгізілген.

Сарапшының айтуынша, осы сынды тетікті Қазақстанда енгізу айтарлықтай нәтиже беріп, жүйелі жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Жемқорлық схемасының қатысушылары алатын қаражат пен сыйақыны таңдау жағдайына түсіп, нәтижесінде қылмыстың саны азаюы әбден мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны