25.07.2013, 14:19 11896

2013 жылдың I жарты жылдығының қортындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсуі 14% құрады

Қазақстанда металлургияны ескермегенде өңдейтін өнеркәсіп үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында өткен жылдағы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылдың I жарты жылдығының қортындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсуі 14% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда металлургияны ескермегенде өңдейтін өнеркәсіп үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында өткен жылдағы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстандық индустрияны дамыту институтының есептеуінше, металлургияны ескермесе, өңдейтін өнеркәсіп өткен жылдағы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 14% өсті", - делінген ведомствоның алқа мәжілісінің қортындысы бойынша таратылған мәлімдемеде.

ИЖТМ мәліметінше, машина жасау 14,2% өсті, өзге металл емес минералдық өнімді өндіру - 10,4%, негізгі асыл және түсті металдарды өндіру - 6,3%, негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру - 1,3% ұлғайды.

Оған қоса, өндіріс көлемі 1,8 % ұлғайды, оның ішінде тау-кен өндірісінде - 2,2%, өңдейтін өнеркәсіпте - 1,8% болып белгіленген.

Осылайша, тау-кен өндірісіндегі өсу металл рудаларын өндіру көлемін ұлғайтумен айқындалды (105,9%), оның ішінде түсті металдар рудасы (106,4%); табиғи газ (106,6%) және шикі мұнай (101,8%).

Жалпы алғанда, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тұрақсыз жұмысының нәтижесінде металлургиялық өнеркәсіпті қоспағанда, барлық салалар бойынша өсудің оң динамикасы байқалуда.

Жалпы, өнеркәсіптік өндіріс қарқының өсуіне ҮИИДБ төңірегіндегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы көп ықпал етті. Индустрияландыру картасы жаңартылғаннан кейін, жобалардың саны 872 дейін көбейді.

Айта кету керек, үстіміздегі жылдың І жарты жылдығында Индустрияландыру картасы бойынша 34 жоба пайдалануға берілді. Олар - қуаты 325 МВт болатын Ақсу ГРЭС-нің № 6 блогы, Атырау қ. Құбыр арматурасын шығару зауыты, "Шеврон Мунайгаз Инк.", Тараз қ. қуаты 600 мың тонна Күкiрт қышқылы зауыты, "Қазфосфат" ЖШС.

Өз кезегінде, жыл соңына дейін тағы 112 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Барлығы осы жылы Индустрияландыру картасының жобаларын іске қосу есебінен қосымша 13,3 мың тұрақты жұмыс орындарын жасау жоспарланады.

Алқа қорытындысы бойынша, Исет Исекешев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Министрліктің жыл соңына дейінгі бірқатар міндеттерін белгіледі.

Ол 2013 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған жобаларды уақытында іске қосу бойынша және пайдалануға берілген жобалардың жоспарлы қуатты игеруі бойынша шаралар қабылдауды, 2013 жылдың 1 қарашасына дейін индустриялық-инновациялық дамудың немесе жаңа индустрияландырудың екінші бесжылдықтың Тұжырымдама жобасын әзірлеуді тапсырды.

Осыған орай, Өнеркәсіп комитетіне жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша шараларды қабылдау және 2013 жылдың соңына дейін жүйе құраушы кәсіпорындарды талдау жүргізу тапсырылды.

"Біз Елбасы қойған міндеттерді уақытында және сапалы орындауға және ИЖТМ басқаратын салаларда жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдауға тиіспіз", - деп қорытындылады вице-премьер Исет Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны