20.02.2014, 19:09 3375

2013 жылы Иділет министрлігі 8 млн-дай электрондық қызмет көрсетті - Б.Имашев

"Бұл 2013 жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпкерлікті ашу тәртібі, сонымен қатар құжаттардың коммерциялық тіркеу кезіндегі тексерістің қысқаруы мемлекттік алым төлемі туралы түбіртек пен өтініш беруді шектеді. Қабылданған шаралар кәсіпкерлік белсенділікті арттырудағы механизмнің дамуында маңыздықадам болмақ", - дейді министр.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы Иділет министрлігі тарапынан 8 млн-дай электрондық қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Иділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлімдеді.

"Бәріңізге де белгілі, бүгінде Иділет министрлігі мемлекеттік қызметтің 42 пайызын көрсетіп жатқан маңызды мемлекттік органдардың бірі болып табылады. 2013 жылы ведомство 11 млн қызмет көрсеткен, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға артық. Солардың ішінде 78%-ы немесе 8 млн-дай қызмет электронды түрде көрсетілді", - дейді Б.Имашев.

Оның айтуынша, автоматтандыру мемлекеттік қызмет көрсету уақытын үнемдеп, қағаз құжат айналымын қысқартуға жол ашқан.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу саласында электрондық қызмет өсімі 2012 жылғыға қарағанда 90%-ға артық.

"Бұл 2013 жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпкерлікті ашу тәртібі, сонымен қатар құжаттардың коммерциялық тіркеу кезіндегі тексерістің қысқаруы мемлекттік алым төлемі туралы түбіртек пен өтініш беруді шектеді. Қабылданған шаралар кәсіпкерлік белсенділікті арттырудағы механизмнің дамуында маңыздықадам болмақ", - дейді министр.

Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқы саласына келер болсақ, мұнда, министрдің айтуныша, электронды қызметтердің 31%-ға артқаны байқалады.

Сонымен қатар, азаматтық жағдай туралы актіні тіркеу саласында да электронды қызмет көрсету 2012 жылғымен салыстырғанда 87% өскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны