03.07.2013, 12:36 4204

2013 жылы инновациялық грантты иеленуге 12 өтінім мақұлданған

Қазақстанда 2013 жылдың басынан бастап инновациялық гранттар иелену үшін отандық жаңашылдардан шамамен 12 өтінім мақұлданды, барлығы 100 жобаға қолдау көрсету жоспарланған, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ төрағасы Айдын Кульсеитов даму институтының 10-жылдығына арналған баспасөз конференциясында.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылы инновациялық грантты иеленуге 12 өтінім мақұлданған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың басынан бастап инновациялық гранттар иелену үшін отандық жаңашылдардан шамамен 12 өтінім мақұлданды, барлығы 100 жобаға қолдау көрсету жоспарланған, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ төрағасы Айдын Кульсеитов даму институтының 10-жылдығына арналған баспасөз конференциясында.

"2013 жылдың басынан бастап 80 өтінім берілген, олардың 12-не қолдау көрсетілген. Жалпы алғанда, үстіміздегі жылы шамамен 100 жобаға қолдау көрсетіледі", - деді А.Кульсеитов.

Сонымен қатар, ол қолдаудың барлық құралдары бойынша 10 жыл жұмысы барысында 3 мыңнан астам өтінім теңдестірілген, олардың ішінде 600 өтінім беруші практикалық көмек алды.

Оған қоса, үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде соңғы 3,5 жылда агенттік отандық жаңашылдардың 396 жобасына қаржылай қолдау көрсеткен.

Өз кезегінде, ТДЖҰА Директорлар кеңесінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев ҮИИДМБ жүзеге асырудың екінші бесжылдығында жобалардың инновациялық жасаушысына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

Кеңес Басшысы айтып кеткендей, басқа елдерде инновациялық доминанта индустрияландыру аяқталған соң дамыса, Қазақстан индустрия мен инновациялық саланы бір мезгілде тығыз байланыста дамытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны