09.04.2014, 19:36 3382

2013 жылы Қазақстанның Кедендік Одақ елдерімен тауар айналымы 24 млрд доллардан асты

"КО құрғаннан бергі уақытта Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі шетелдік инвестиция көлемі шамамен 2 есеге өсті. Атап айтар болсақ бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,8 млрд доллар болса, 2012 жылы 3,4 млрд долларға дейін жетті. Осы орайда тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 34 пайызға артып, 28 млрд долларға жеткен", - деді Б.Сағынтаев.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. 2013 жылы Қазақстанның Кедендік Одақ елдерімен тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"КО құрғаннан бергі уақытта Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі шетелдік инвестиция көлемі шамамен 2 есеге өсті. Атап айтар болсақ бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,8 млрд доллар болса, 2012 жылы 3,4 млрд долларға дейін жетті. Осы орайда тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 34 пайызға артып, 28 млрд долларға жеткен", - деді Б.Сағынтаев.

Жалпы, Кедендік Одақ құрылғалы бері транспорттық құралдар өндірісі, қара металдан, пластмассадан, резеңкеден, қағаздан дайын бұйымдар дайындау саласында ауыз толтырып айтарлықтай үрдістер қалыптасты.

"Сауда саласына келер болсақ, 2013 жылы Қазақстанның Кедендік Одақ елдерімен тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Осы орайда біздің өзара байланысымыздың бәсекелестікке кері әсерін тигізіп, отандық өндірістің аяғына тұсау болатынын айтқандардың сөзіне мән бермеу керек. Қарапайым ғана мысал, біздің кондитерлік өнім мен шоколадтарымыздың экспорты 3 есеге артты. Жүк тасымалы Ресей мен Беларуське 17 есеге дейін өсті. Цемент экспорты болса 16 есеге дейін көбейген", - деді вице-премьер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны