22.01.2014, 19:27 3533

2014 жылдың ақпан айында ҚР Үкіметі жанынан Туризм кеңесі өтеді

ҚР Үкіметі жанындағы Туризм кеңесі құрамына Парламент депутаттары, үкімет өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен туризм саласы мамандары енеді. Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Туризм кеңесін өткізу бойынша дайындық жиыны болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Премьер-Министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің тапсырмасымен Туризм кеңесі 2014 жылдың ақпан айында өтпек. Кеңес беру-жиналыс органының биылғы жылғы бірінші отырысында отандық туризмнің даму мәселесі, соның ішінде туристік кадрларды дайындау мәселесі қаралмақ", - делінген хабарламада.

"ҚР Үкіметі жанындағы Туризм кеңесі маусымына бір рет ұйымдастырылмақ. Елдің туристік қауымдастығы өкілдері Комитет атына алдағы Кеңесте қаралуы үшін өз ұсыныстары мен тілектерін жолдай алады.", - деді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.

Айта кетейік, ҚР Үкіметі жанындағы Туризм кеңесі құрамына Парламент депутаттары, үкімет өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен туризм саласы мамандары енеді. Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны