31.01.2014, 18:48 7999

2014 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірінде 128 рет жол жабылды - В.Божко

Оның айтуынша, жыл басынан бері ҚР ТЖМ ІІД-мен бірігіп Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлер жолын 128 рет жапты.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірінде 128 рет жол жабылды. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстан жолы -2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауындағы 2014 жыл тапсырмалары туралы" брифингінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.

"Қазіргі кезде халықты қар құрсауынан құтқару мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Өткен жылы қыстың қатты болғандығынан біз биыл 6 облыстың жолын шауып тастауды шештік және осы мақсатта өте қарқынды жұмыстарды қолға алдық", - дейді В.Божко.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ҚР ТЖМ ІІД-мен бірігіп Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлер жолын 128 рет жапты.

"Осы уақыт аралығында ұялы байланыс операторларымен 138 рет жолдардың жабылғаны туралы "смс" хабарлама жібердік. Жалпы саны 62 млн абонентке осылайша ескерту жасап, сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығынан мектептерде оқу тоқтатылып жатқаны туралы хабарламаны да өздеріңіз оқыдыңыздар. Сонымен қатар, біз нақты қай бағыттарда жолдардың жабылып жатқанын хабарлап отырамыз", - деді министр.

Оның айтуынша, смс-ескерту өзінің оң нәтижесін береді.

Жалпы, биылғы жылы қар құрсауынан 3685 адам мен 1132 техника құтқарылды.

Сонымен қатар, "112" нөміріне қар құрсауынан құтқаруға көмек сұраған шамамен 26 мың адамнан қоңырау келіп түскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны