17.03.2014, 20:09 3279

2014 жылы Жамбыл облысында "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 12 нысан пайдалануға беріледі

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, 2014 жылы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 18 нысанның құрылысына 4,2 млрд. теңге бөлінді. Оның 12 нысанын осы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Жамбыл облысында "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 12 нысан пайдалануға беріледі.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, 2014 жылы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 18 нысанның құрылысына 4,2 млрд. теңге бөлінді. Оның 12 нысанын осы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев аталған тақырыпта өткен аппараттық кеңесте ауыз су сапасына жіті назар аударуды қатаң тапсырды, облыста құрылысы жүріп жатқан әр нысанды қадағалауға алуды орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктеді.

Жалпы, "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 2011-2013 жж. Жамбыл облысына 12,6 млрд. теңге бөлініп, 57 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы жүргізілсе, 40 ауылдық елді мекенде ауыз су нысандары пайдалануға берілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны