17.06.2013, 09:47 2842

2015 жылдан бастап Қазақстанда үлгі су-құтқару станцияларының құрылысы басталады

"2015 жылдан бастап үлгі жобалары бойынша су-құтқару станцияларының құрылысы жоспарланған, олар Шучинск-Бурабай курорт аймағында, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында, Маңғыстау облысында орналасады",- деді А.Советов.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылдан бастап Қазақстанда үлгі су-құтқару станцияларының құрылысы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов мәлім етті.

"2015 жылдан бастап үлгі жобалары бойынша су-құтқару станцияларының құрылысы жоспарланған, олар Шучинск-Бурабай курорт аймағында, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында, Маңғыстау облысында орналасады",- деді А.Советов.

Сонымен қатар, ол ТЖ министрлігі Құрылыс және тұрмыстық шаруашылық комитетімен бірге су-құтқару қызметтерінің 1-ші, 2-ші және 3-ші разрядтарының су-құтқару станцияларының үлгі жобалары әзірленгенін айтып кетті.

Оған қоса, үлгі жобаларында жедел кезекшілік атқаруға, станция маңындағы су акваториясын бақылауға, жүзу құралдарын сақтауға арналған қажетті ғимараттар, арнайы авто- және құтқару техникасы қарасатырылғанын айтты.

"Заманауи талаптарға сәйкес су-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамына арналған барлық жағдайлар жасалады", - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Айта кету керек, республиканың қажеттіліктері үшін 41 су-құтқару станциясын салу қажет. Өз кезегінде су-құтқару қызметінің басқару аппараты орналасатын орталық су-құтқару станциясының құрылысы 2017 жыла жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны