15.05.2013, 17:01 6596

2015 жылға қарай Қазақстанда MobileNumberPortability технологиясы енгізіледі

Таяу екі жылда Қазақстанда MobileNumberPortability (MNP) технологиясын енгізуді жоспарладық, ол нөмірді ауыстырмай-ақ басқа ұялы байланыс операторына көшуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылға қарай Қазақстанда MobileNumberPortability технологиясы енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Таяу екі жылда Қазақстанда MobileNumberPortability (MNP) технологиясын енгізуді жоспарладық, ол нөмірді ауыстырмай-ақ басқа ұялы байланыс операторына көшуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

"Қазір біз оған көшу бойынша іс-шаралар жоспарын жасап жатырмыз. 2 жылдан соң бұл технологияны кезең-кезеңмен енгізуді жоспарладық. Неге көптеген адамдар бір оператордан екіншісіне ауысқысы келмейді? Өйткені, өздері үйренген нөмірді ауыстыру қажет болады. Ал, MNP бір оператордан екіншісіне нөмірді, сонымен қатар 701, 777 және т.б. префикстерді сақтай отырып ауысуға мүмкіндік береді. 2015 жылға қарай бұл технологияны бүкіл Қазақстан бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді С.Сәрсенов.

Вице-министрдің айтуынша, MNP пилоттық режимде алдымен Астанада 2014 жылдың ортасында енгізіледі.

MNP технологиясы немесе нөмірлердің "ауысуы" операторлар арасында бәсекелестікке жағдай жасайды. "Ірі операторлар өз клиенттерінен айрылғысы келмей, өз тарифтері жайлы ойланатын болады", - деп толықтырды ККМ басшысының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны