24.04.2015, 19:25 3557

2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасымен кездесті

2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы М.Э. Абдусаломовпен кездесті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы М.Э. Абдусаломовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заӊ шығару палатасы Халықаралық істер және парламентаралық байланыс жөніндегі комитетініӊ мүшесі А.К. Кадиров, ҚР ОСК мүшелері М.А. Сәрсембаев, Т.В. Охлопкова, сондай-ақ ӨР ОСК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімініӊ басшысы Х.А. Абдурахманов қатысты.

Өзбекстан Ортсайлаукомыныӊ Басшысы сөйлеген сөзінде әріптестеріне Қазақстандағы Президент сайлауын транспаренттік және плюрализмніӊ демократиялық қағидаттарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деӊгейде өткізуде табыс тіледі.

Тұрғанқұлов мырза делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, ағымдағы сайлау науқаныныӊ ерекшеліктері туралы айтып берді.

"Сайлау науқаныныӊ үш үлкен кезеӊі аяқталды, біз атқарушы органдармен бірге сайлаушылар тізімдерін нақтылау бөлігінде үлкен жұмыс жасадық, бұл туралы республика бойынша 1 қаӊтардан бастап сайлаушылар саныныӊ 213 мыӊнан астам адамға өскені куәландырады. Ир азамат өзініӊ конституциялық сайлау құқығын кедергісіз іске асыра алуы үшін қажетті барлық шаралар қолданылды. Дайындық күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заӊнамасыныӊ нормаларын бұзусыз өтуде. Бүгінгі күнге азаматтардыӊ 94 өтініші келіп түсті, олардыӊ 47-сі тікелей электораттық тақырыпқа қатысты", - деп атап өтті ол.

Кездесу соӊында екі елдіӊ Орталық сайлау комиссияларыныӊ Басшылары сайлау тәжірибесін және сайлау заӊнамасын жетілдіру саласында одан арғы ынтымақтастықтыӊ және тәжірибе алмасудыӊ жалғасатынына сенім білдірді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны