16.06.2014, 19:36 2707

2015 жылы ХҚКО арқылы жаңа 32 қызмет ұсынылатын болады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қатарына ҚР аумағынан шетелге тұрғылықты тұруға кетуге арналған құжатты рәсімдеу, жетім балаларды қамқорлыққа алуды рәсімдеу еніп отыр, деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қатарына ҚР аумағынан шетелге тұрғылықты тұруға кетуге арналған құжатты рәсімдеу, жетім балаларды қамқорлыққа алуды рәсімдеу еніп отыр, деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

Жеке кәсіпкерлер тіркеу есебіне тұрып, патент ала алады. ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері қызметтік баспанаға зәрі қызметшілердің тізіміне тұруға өз мәліметтерін ХҚКО арқылы енгізе алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары Исел Мамажанованың айтуына қарағанда, ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің тізіміне енетін жаңа сервистер 11 мемлекеттік органның құзырына жатады.

"Қызметтердің көп бөлігі баламалы түрде ұсынылады, яғни жеке және заңды тұлғалар оларды Халыққа қызмет көрсету орталығымен қатар, қызметті ұсынушы мемлекеттік органнан тікелей барып ала алады" - деп түсіндірді Исел Мамажанова.

Айтып өту керек, 32 мемлекеттік қызметтен тұратын тізім ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеуге арналған Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында бекітілді

Бүгінгі күні елімізде 259 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы осы орталықтар арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 11 млн. асып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны