29.09.2016, 15:04 4036

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Өрлеу" жобасына 27,1 мыӊ қазақстандық қатысты

Жоба атаулы қолдаудыӊ шартсыз формасынан "өзара міндеттемелер" (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуін қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осындай өӊірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен 38 аудан мен қалаларда іске асырыла бастады.

Ақтөбе.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алдағы айларда ҚР ДСИДМ мамандары кірістері еӊ төмен айлық көрсеткіштен аз Ақтөбе облысыныӊ тұрғындарын "Өрлеу" жобасына тарту және жастарды жұмыспен қамтмасыз ету үшін кеӊ көлемді жұмыстар жүргізеді. Бұл жөнінде бүгін Ақтөбе қаласында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Ол 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтар үшін шартталған ақша қаражатын енгізу бойынша пилоттық "Өрлеу" жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоба атаулы қолдаудыӊ шартсыз формасынан "өзара міндеттемелер" (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуін қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осындай өӊірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен 38 аудан мен қалаларда іске асырыла бастады.

"Жобаныӊ іске асырылуы оныӊ қатысушыларыныӊ жан басына шаққан кірістерін жобаға қатысқанға дейінгі кезеӊмен салыстырғанда 2,6 есе өсуіне мүмкіндік туғызды және 99,4% еӊбекке жарамды қатысушылар жұмыспен қамтылды", деді Светлана Жақыпова.

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Өрлеу" жобасына 27,1 мыӊ қазақстандықтар қатысты, олардыӊ ішінде 666 адам Ақтөбе облысыныӊ тұрғындары немесе қатысушылардыӊ жалпы саныныӊ 25%.

Вице-министр Ақтөбе облысында кірістері еӊ төмен айлық көрсеткіштен аз отбасылар (тұлғалар) анықталғанын, бір ай бойы олармен әӊгімелесу, аулаларды аралау, қиын өмірлік жағдайдан шығу жеке бағдарламаларын әзірлеу, "Өрлеу" жобасы шеӊберінде әлеуметтік контракт жасасу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Одан басқа, жастардыӊ, бірінші кезекте оқу орындарына түсе алмаған, білімдері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандардыӊ, жұмыссыздардыӊ, экономиканыӊ формалды емес секторында жұмыс істейтіндердіӊ жұмыспен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылады.

"Жастардыӊ жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін ҚР ДСИДМ "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына (бұдан әрі - ЖҚЖК 2020) компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тілін жаппай оқытуды енгізуге, өз ісін ұйымдастыру үшін кәсіпкерліктіӊ негіздеріне оқытуға; жастарды жұмыспен қамтуға, еӊ алдымен жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және кәсіптік білім беруге бағытталған іс-шараларды қаржыландыруға қатысты бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Алдағы айлық барысында облыста жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды практикада жүзеге асыруы қарастырылуда",- деп мәлімдеді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, азаматтардыӊ еӊбек құқығын қорғау бойынша жұмыс жүргізілетін болады, оныӊ ішінде жаӊа Еӊбек кодексі қабылдануына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жұмыс берушілердіӊ қызметкерлердіӊ еӊбек құқығын сақтаудағы бақылауын күшейту, еӊбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жалақы төлеу бойынша, міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша қарызы бар өнеркәсіптерге аса назар аударылатын болады.

Свелана Жақыпова Жұмыс тобымен әлеуметтік-еӊбек саласындағы жаӊа енгізулердіӊ орындалуы бойынша түсіндіру кездесулерінен басқа, жұмысшылардыӊ еӊбек құқығын қорғаудағы нақты тәжірибелі көмек көрсетілу жоспарланғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР ДСИДМ-де Астана және Алматы қалаларыныӊ ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарыныӊ мамандарынан тұратын топ құрылған, олар мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектіӊ қолжетімділігін жоғарылатуда өӊірдегі адамдарға кеӊестік-диагностикалық қызметтер көрсететін болады.

"Жоғары мамандандырылған көмекті қажет ететін пациенттерге, бас медициналық орталықтардыӊ мамандарыныӊ қатысуымен шеберлік-класс аясында медициналық көмек көрсетілетін болады. Жергілікті дәрігерлермен бірлесе отырып, оқушылар арасында сауықтыруға арналған топ құру үшін және әртүрлі ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізіледі" - деді вице-министр.

Халық арасында амбулаторлық-емханалық көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар әлеуметтік маӊызы бар аурулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сәйкесінше өӊірдегі медициналық қызметкерлерге шеберлік сабақтары жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны