26.07.2016, 15:44 4211

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткіші 5,6%-ға төмендеді

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтер бойынша республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қайғылы оқиғалар салдарынан 792 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен болды (2015 жылы - 839 адам), деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today. 2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтер бойынша республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қайғылы оқиғалар салдарынан 792 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен болды (2015 жылы - 839 адам), деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметі.

Өндірісте өлім-жітіммен аяқталған қайғылы оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдар саны 112 болып отыр (2015 жылдыӊ 6 айында - 113 адам).

2011 жылдан бері мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердіӊ Қазақстандағы еӊбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары нәтижесінде өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткішініӊ төмендеуі байқалып отыр. Аталған уақыт аралығында жалпы өндірістік жарақат алу көрсеткіші 23,3%-ға төмендеп, 2015 жылы 1723 адам болды (2011 жылы 2217 адам).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны