03.08.2017, 20:17 4300

2016 жылы ветеринарлық бақылау саласыныӊ лауазымды тұлғаларына қатысты 31 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді

2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мүдделі мемлекеттік органдардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ және бизнес қауымдастық өкілдерініӊ қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұмыстыӊ нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеӊес өтті.

Астана. 3 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мүдделі мемлекеттік органдардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ және бизнес қауымдастық өкілдерініӊ қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұмыстыӊ нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеӊес өтті.

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ Орынбасары Алик Шпекбаев кеӊесті аша отырып, Қазақстан Doing Business - 2017 халықаралық рйтингте 35 орынды иеленіп, іскерлік ортаны жақсарту бойынша бұрын-сонды болмаған шаралар қабылдағанын атап өтті. Алайда, сауалнамалар нәтижелері бойынша компаниялардыӊ айтарлықтай саны әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бизнес жүргізудіӊ ауыр салмағы деп санайды.

Оныӊ айтуынша, бұл бірінші кезекте нұсқамаларда көрсетілген орындалмайтын міндетті талаптардыӊ және әкімшілік рәсімдердіӊ көп болуымен байланысты. Олардыӊ қатарына ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау салалары жатады.

Осыған растау ретінде қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сыбайлас жемқорлық схемалардыӊ жоғары жиілігі байқалатын мемлекеттік органдардыӊ үштігіне жатқызылған "Атамекен" ҰКП тапсырысы бойынша Экономикалық зерттеулер институтымен жүргізілген "Іскерлік климат-2016" әлеуметтік зерттеудіӊ нәтижесі болып табылады.

Оны құқықтық статистика дәлелдейді. Оған сәйкес аталған салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардыӊ саны өсуде. Осылайша, 2016 жылы олардыӊ жалпы саны 12 іс болса, ал 2017 жылдыӊ тек бірінші жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша 14 фактінін тіркелуі сыбайлас жемқорлықтыӊ айтарлықтай өскенін көрсетеді.

Ұқсас жағдай ветеринарлық бақылау саласында орын алды. Мәселен, 2016 жылы осы саланыӊ лауазымды тұлғаларына қатысты 31 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, өз кезегінде, ағымдағы жылдыӊ тек 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық істердіӊ саны 27 құрады.

Кеӊеске қатысушылармен келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініӊ бар болуы туралы атап өтілді:

ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар мен олқылықтар;

тексеріс қорытындылары бойынша нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдыӊ нақты мерзімдерініӊ болмауы;

нақты орындалмайтын міндетті талаптарды немесе әкімшілік рәсімдерді ұсыну (Алматы қ. тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы мен оныӊ орналасқан аумағы Алматы жылу желілері ЖШС - табиғи монополия субъектісімен қызмет көрсетілмейтіндігіне қарамастан орталық ыстық су жүйесімен қамтамасыз ету туралы тиісті нұсқама шығарылды);

тексерілетін объекті қызметініӊ сипаттамасы және ерекшелігі бойынша тексеру парақтарыныӊ ара жігін анық ажыратудыӊ болмауы (теміржол, су, әуе, емдеу-алдын алу мекемелері, сумен жабдықтау объектілері және т. б.).

Бұл ретте, сондай-ақ осы салалардағы мүдделер қақтығысы фактілерініӊ жиі туындауы атап өтілді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бірігу тұрғысында талдау барысында Жезқазған қалалық ветеринариялық станцияда мүдделер қақтығысы анықталды. Оныӊ директоры "Ветсервис" ЖШС-мен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 17 млн. тенгеден астам ветеринариялық препараттарды жеткізу бойынша шарт жасасты. Алайда, аталаған ЖШС-тіӊ басшысы аффилиирленген тұлға (жұбайыныӊ анасы)болып шықты.

Сонымен қатар, талдау Жаӊақорған аудандық ветеринария бөлімініӊ басшысы бөлімініӊ сектор меӊгерушісі болып табылатын бұрынғы жұбайына қатысты лауазымы бойынша жылжыту және сыйақы түрінде бірнеше рет артықшылықтар көрсеткенін анықтады.

Сонымен бірге, аталған салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлігінде көп сұрақтар туындады.

Осылайша, талдау Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ 7 мемлекеттік қызмет көрсетулерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсете отырып қызмет алушымен тікелей қатынасты жою мүмкіндігі бар екенін анықтады.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ қызметшілерімен жеке өзіне артықшылықтар алу мақсатында қолданылуы мүмкін министрліктіӊ 3 мемлекеттік қызмет көрсетулерінде дискреттік өкілеттіктер бар.

Кеӊес қорытындысы бойынша Агенттік 49 ұсыным әзірледі, оныӊ 55% нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған болса, ал 45% - ұйымдастырушылық-басқару қызметте.

Жалпы, Агенттік басшысыныӊ орынбасары Агенттіктіӊ аумақтық департаменттерімен және өӊірлік кәсіпкерлер палаталарымен атқарылған жұмысты қорытындылай келе, уәкілетті орган енгізілген ұсыныстардыӊ орындалуын кейін министрліктерге және комитеттерге шығу арқылы бақылайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны