09.03.2017, 18:41 4542

2017 жылы Қарағандыда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілмек

Биыл арендалық баспана қоры үшін 14-ші шағын ауданда бес қабатты тұрғын үй тұрғызылмақ. Жоспар бойынша онда 60 пәтер болады. Кейін осы алаӊда тағы да үш тұрғын үй салынатын болады.

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - 2017 жылы Қарағандыныӊ кейбір аудандарыныӊ келбеті өзгереді. Бос орындарға көп қабатты тұрғын үйлер салынады. Олардыӊ кейбірі арендалық болса, кейбірі жас отбасыларға арналған бағдарлама бойынша беріледі.

1128 отбасы "Панель-Орталық" шағын ауданындағы жалпы ауданы 59 шаршы метрді құрайтын үш үйге қоныстандырылады. Осы шағын ауданда 24 қабатты тұрғын үй салынбақ. Егер бәрі жақсы болса, оныӊ жанына тағы да алтауы бойы көтереді.

"Шапағат" шағын ауданында №3-4 және №8-11 блок секцияларыныӊ құрылысы аяқталуда. Онда "Бесоба" құлағаннан кейін баспанасыз қалғандар қоныстанады. Мұнымен қоса, тұрғын үй кешенініӊ үшінші кезегініӊ құрылысы басталды. Нәтижесінде 288 пәтер пайдалануға беріледі.

Биыл арендалық баспана қоры үшін 14-ші шағын ауданда бес қабатты тұрғын үй тұрғызылмақ. Жоспар бойынша онда 60 пәтер болады. Кейін осы алаӊда тағы да үш тұрғын үй салынатын болады.

Шенеуніктер "Күнгей" шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 562 учаске бөлді.

Белинский көшесіндегі құрылысы аяқталмаған тұрғын үйге билік баса назар аударып отыр. Баспананыӊ құрылысы Өӊірлерді дамыту - 2020 бағдарламасыныӊ "жас отбасы" бағыты бойынша жүргізілуде. Құрылысты аяқтау үшін 400 миллион теӊге қажет. Тұрғын үй құрылысын қалалық бюджеттен қаржыландыру үшін оны коммуналдық баспанаға айналдыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны