08.02.2019, 23:27 13916

Қызылорда облыстық прокуратурасы 2018 жылдың жұмыс нәтижесін қорытындылады

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында әрбір ауылдық жерлердегі "Батыс Қытай-Батыс Европа" тас жолына шығатын кіру/шығу орындарына бейнекамералар орнатылып, бұл қылмыс түрін 24% азайтуға мүмкіндік берді.

Қызылорда. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық прокуратурасында өткізілген қорытынды алқа отырысында қылмыстылықтың 8%(8 819-дан 8 129-ға) төмендеуі, оның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 19%(500-ден 406-ға), бұзақылық 18%(516-дан 423-ке), ұрлық 23%(4488-ден 4386-ға) төмендегені атап өтілді.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында әрбір ауылдық жерлердегі "Батыс Қытай-Батыс Европа" тас жолына шығатын кіру/шығу орындарына бейнекамералар орнатылып, бұл қылмыс түрін 24% азайтуға мүмкіндік берді.

Облыстық прокуратураның бастамасымен қоғамдық және қылмыс жиі орын алатын орындарда 14 стационарлы шыны полиция бекеттері орналастырылып, жұмыс істеуде, нәтижесінде қоғамдық орындарда қылмыс төмендеді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 1 млрд. теңгеден астам залал өндірілді, оның ішінде мемлекет меншігіне 803 млн. теңгені құрайды.

"Санды Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 548 қылмыстық іс электронды түрде тергеліп, оның 266 сотқа жолданды. Үстіміздегі жылы толығымен электронды нысанға көшу жоспарлануда. Полиция департаменті, экономикалық тергеу қызметі және арнайы прокурорлардың барлығы 100% қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.

Облыстық прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығында 4 мыңнан астам шағымданушыларға құқықтық көмек көрсетілді.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 429 қадағалау актісімен541адам тәртіптік, 374- әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратураның шараларымен 3 мыңнан астам мұғалімге 2016-2017 жыл аралығында мүгедек балаларды үйден оқытқаны үшін жалақыларына тиісті қосымша ақылары төленді.

Арнайы әлеуметтік көмекпен 100 мүгедек-бала қамтамасыз етіліп, 67 жетім және ата-анасының қорғаны жоқ бала үй кезегіне есепке тұрғызылды.

Қызылорда қаласының және Қазалы ауданының прокуратурасы араласқаннан кейін 4 мыңнан астам оқушы тиісті тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 3,5 мыңжұмысшыға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің төленуі қамтамасыз етілді.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша бағдарламалардың орындалуына жүргізілген тексеру нәтижесімен бюджетке 14,4 млн. теңге өндіріліп, 13 тұлға қылмыстық және 14- тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн. теңге жалақы қарыздары өндірілді.

Мемлекеттің мүддесіне мүлікті қорғау саласында бюджетке 3 млрд. теңгеден астам қаржы өндірілді.

Жер қатынастары саласында мемлекеттік бюджетке 20,8 млн. теңге өндіріліп, мемлекетке 27 млн. теңгенің 17 жер телімі қайтарылды.

Тариф орнату саласындағы заңдылықты тексеру нәтижесімен а.ж. 1 қаңтарынан бастап жылу тарифі 11%төмендетілді (бұдан бұрын қадағалау актісімен жылуға орташа тарифті 3114,17-ден 3053,40 теңгеге төмендетуге қол жеткізілген болатын).

"Әкімшілік хаттамалардың бірыңғай тізілімі" жобасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы жергілікті полиция қызметімен 22,5 мың әкімшілік іс қаралып, 67 млн. теңгеге айыппұл салынды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен планшетпен қамтамасыз етілді.

Іс-шараны қорытындылаумен алдағы жылға міндеттер айқындалып, аумақтық прокурорларға қадағалау қызметін күшейту және азаматтардың өмірінің сапасын арттыруға назар аудару бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны