07.04.2019, 14:53 12186

2019 жылдың 2 айында республика бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу бойынша сынамалардың 12,1%-ын құрайтын тамақ өнімдері анықталды

Өткен жылдың ағымдағы кезеңіндегідей техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары: өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы - 74,4 %, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу - 12,1%, сондай-ақ мәлімделген қасиеттерге немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеу - 13,5 %, бұл тұтынушыларды алдау болып табылады.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 2 айында республика бойынша өнімнің қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде 10430 өнім сынамасы зерттелді, оның ішінде сәйкес келмейтін 1818 сынама анықталды, бұл 17,4%-ды құрады.

Өткен жылдың ағымдағы кезеңіндегідей техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары: өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы - 74,4 %, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу - 12,1%, сондай-ақ мәлімделген қасиеттерге немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеу - 13,5 %, бұл тұтынушыларды алдау болып табылады.

Сәйкессіздік тамақ өнімдерінің мынадай тауарлық топтарында анықталды: ет өнімдері - 18,1%, құс еті - 12,8%, балық - 10,2%, май өнімі - 2,8%, сүт өнімдері - 11,1%, кондитерлік өнімдер - 13,7%, аспаздық өнімдер -3,4%, нан өнімдері - 1,3%, ұн және ұн тарту өнімдері - 5,8%, көкөністер мен жемістер - 8,5%, консервіленген өнімдер - 6,0%, шырын өнімдері - 2,2%, алкогольді сусындар - 1,2%, ББҚ - 0,5% және т.б.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 334 нұсқама берілді.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 130 іс қозғалып, 9 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 1,5 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім, соның ішінде тамақ өнімі сатылудан алынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны