12.04.2013, 11:02 3523

2050 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 3 есе артуы мүмкін

"Қазақстандағы су тапшылығы артады. Қазірдің өзінде трансшекаралық суларға тәуелдіміз. Бүгінгі таңда су ресурстарымыздың жартысы көршілес мемлекеттерден келеді... Тиісті шаралар қолданбасақ, осы жағымсыз сценарий өрбитін болса, еліміздегі су ресурстарына сұраныс ұсыныстан 3 есеге артады", - деді Н.Қаппаров.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - 2050 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 3 есе артуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "Қазақстанда "жасыл" экономика құру" конференциясында мәлім етті.

"Қазақстандағы су тапшылығы артады. Қазірдің өзінде трансшекаралық суларға тәуелдіміз. Бүгінгі таңда су ресурстарымыздың жартысы көршілес мемлекеттерден келеді... Тиісті шаралар қолданбасақ, осы жағымсыз сценарий өрбитін болса, еліміздегі су ресурстарына сұраныс ұсыныстан 3 есеге артады", - деді Н.Қаппаров.

Министрдің айтуынша, мұндай жағымсыз сценарийдің басты себебі шекарарлық өзендер мемлекеттерінің, сонымен қатар Қазақстандағы суға өзіндік сұраныстың артуы болады.

Сонымен бірге, мұндай жағымсыз сценарийге жол бермес үшін мемлекет барлық тиісті шараларды қолданатынын атап өтті.

"Сумен қамту технологиялары енгізіледі, халық арасында оқыту іс-шаралары өткізіледі, жаңа жасанды су жинайтын коллекторлар мен жасанды көлдер салынады", - деп хабарлады Н.Қаппров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны