27.01.2014, 19:08 3126

2050 жылға қарсы Қазақстанда барлық су проблемалары шешілуі тиіс - Н. Қаппаров

Оның айтуынша, қазіргі кезде Су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, мақұлдануға жіберілді. Ол су тапшылығын жоятын болады. Ол ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй коммуналдық секторын жаңғырту үлесінде жүзеге асады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2050 жылға қарсы барлық су проблемалары шешілуі тиіс. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Бағдарламалық құжаттарда 2020 жылға дейін халықты және 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығын тұрақты сумен жабдықтау жоспарланған. 2050 жылға қарсы барлық су проблемалары шешілуі тиіс", - деді Н. Қаппаров.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, мақұлдануға жіберілді. Ол су тапшылығын жоятын болады. Ол ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй коммуналдық секторын жаңғырту үлесінде жүзеге асады.

"Су ресурстарының қолжетімділігін арттыру орындалатын ақиқат. Бірінші кезекте, көршілес елдегі трансұлттық су көздерімен белсенді түрде келіссөздер жүргізу, инфрақұрылымды дамытып, құрылыс кезінде су асты суларын қолдану сынды үрдістер басымдылыққа шығады", - деді ол.

Сондай-ақ, ауыз судың қоры мен сапасы және қалалық су көздерін тазарту үшін каммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру керектігін айтты, Н. Қаппаров. Бұл жұмысты Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Өңірлік даму министрлігі , жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны