17.03.2014, 20:02 2847

24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады

24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. 24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

"Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттенің шақыруымен 23-25 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысып, Нидерландыда ресми сапармен болады", - деді А. Ибибулаев.

Спикердің айтуынша, сапар аясында Қазақстан Президенті Нидерланды королі Виллем-Александр және Премьер-министр Марк Рютте, сонымен қатар жетекші трансұлттық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

"Кездесу қорытындылары бойынша саясат, экономика, технологиялар, ғарыш, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, білім салалаларында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп көзделген", - деді ресми өкіл.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны