06.11.2019, 17:01 8029

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 40 автомобильдік техниканы салтанатты тапсыру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өміріндегі елеулі оқиға - күнделікті іс-қимылда қолдануға арналған 40 автомобильдік техниканы салтанатты тапсыру рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Өткен аптада Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өміріндегі елеулі оқиға - күнделікті іс-қимылда қолдануға арналған 40 автомобильдік техниканы салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

ҚР ҰҚК ШҚ дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Шекара қызметі жаңа автомобильдік техникалар - автобустармен, жеңіл көліктермен, жүк және арнайы автомашиналармен тұрақты қамтамасыз етіліп келеді.

Шекара қызметі үшін бұл іс-шараның маңызы ерекше болып отыр, өйткені толық заманауи техникалық жабдықтау - Мемлекеттік шекарамызды қорғау мен күзету міндеттерін сапалы орындаудың негізгі факторларының бірі.

Үстіміздегі жылы осындай іс-шара тамыз айында өткізілді. Онда ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры ведомство бөлімшелеріне 77 автомашина тапсырған болатын.

Аталған іс-шара дәстүрлі түрде Боралдай авиациялық базасында өткізілді. Шараға Өңірлік басқармалардың бастықтары, Шекара қызметі академиясының бастығы, құрметті ардагерлер және Шекара қызметі қатарында жаңа техниканы қабылдау бақыты бұйырған жұмыста көзге түскен жүргізушілер қатысты.

Шекарашылардың ауыр қызметінде тірек және көмек болуға дайын су жаңа әскери техникалар қатар-қатар тізбектеліп тұрды. Мемлекеттік гимнмен іс-шараны ашқан соң, "Оңтүстік" өңірлік басқармасының бастығы генерал-майор Е. Алдажұманов сөз сөйледі.

Ол өз кезегінде Шекара қызметін техникалық жабдықтаудың маңызы, Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау міндеттерін сапалы орындаудың кепілі екенін атап өтті.

Біздің еліміздің басшылығы кез-келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі тірегі ұлттық қауіпсіздікке қатысты істегі техниканың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып, қашан да ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өткен жөн.

Осы жолы Шекара қызметінің қарамағына 40 автомашина келіп түсті. Олардың ішінде - сүйрегіш машиналар, автомобильдік фургондар, автобустар мен микроавтобустар бар.

Машинаның кілтін тапсыру рәсімінен кейін іс-шара дәстүрлі салтанатты маршпен аяқталды. Одан әрі жүргізушілер тапсырылған автокөліктерге отырып, өздерінің бөлімшелеріне аттанды.

2020 жылы Шекара қызметінің қажеттілігі үшін тағы да екі жүзге жуық автомобильдік техникалар сатып алу жоспарлануда.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны