11.04.2013, 10:03 3119

45 тұлғаның қатысы бар "Қорғас" бойынша қылмыстық іс сотқа тапсырылды

"Қорғас" және "Қалжат" кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталды. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - 45 тұлғаның қатысы бар "Қорғас" бойынша қылмыстық іс сотқа тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қорғас" және "Қалжат" кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталды. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ағымдағы жылғы 3 сәуірде 1575 томды құрайтын қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды.

11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды.

Бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-еуіне қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны