10.06.2019, 19:53 7733

4 кг арқар мүйіздерін алып өтпек РФ азаматы ұсталды

Павлодар шекара отрядының "Найза-авто" бөлімшесінде Ресейге қарай 12000 литр "АИ-92" бензинін алып өтпек болған "КамАЗ" автокөлігі және дәл осындай 900 литр бензин алып өтпек болған 40 жастағы ресейліктің "Тойота" автөкөлігі рұқсат қағаздары болмағандықтан Мемлекеттік шекарадан өткізілмей кері қайтарылды

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Солтүстік" өңірлік басқармасына қарасты Қостанай шекара отрядының "Аят-авто" бөлімшесінде Қостанайдан Мәскеуге қарай өзінің жекеменшік автокөлігімен өтіп бара жатқан 40 жастағы РФ азаматы ұсталды. Ұсталу себебі - ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан өткізуге тыйым салынған, 2 дана, жалпы салмағы 4 кг арқар мүйіздерін алып өтпек болыпты.

Арада біржарым сағат өткенде аталған отрядтың "Желқуар-авто" бөлімшесінде Қазақстаннан өз еліне қайтып бара жатқан 46 жастағы ресейлік ұсталды. Оның автокөлігінен 2 дана бұғының мүйіздері табылды. Ұсталған азаматтар бойынша Таранов ауданының және Жітіқара қаласының құқық қорғау органдары хабарланды.

Осы Өңірлік басқарманың Петропавл шекара отрядына қарасты "Бидайық авто" өткізу бөлімшесінде 51 жастағы ресейліктің қол жүгінен аңшы мылтығының оқтары табылып, Бидайық ауылдық полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Павлодар шекара отрядының "Найза-авто" бөлімшесінде Ресейге қарай 12000 литр "АИ-92" бензинін алып өтпек болған "КамАЗ" автокөлігі (жүргізушісі, 1973 жылғы Қазақстан азаматы) дәл осындай 900 литр бензин алып өтпек болған 40 жастағы ресейліктің "Тойота" автөкөлігі рұқсат қағаздары болмағандықтан Мемлекеттік шекарадан өткізілмей кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны