06.02.2025, 15:33 36956
7 миллион теңгеге дейін айыппұл: Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр
Достарға айту
Елордада санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңбұзушыларды анықтау бойынша қаланың барлық ауданында күн сайын мониторинг жүргізіліп, кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 344-бабына өзгертулер енгізіліп, оған сәйкес рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін айыппұлдар күшейтілді.
Рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 АЕК-ке дейін (393 200 теңгеден 3 млн 932 мың 200 теңгеге дейін) айыппұл салынады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзғаны үшiн жеке тұлғаларға және кәсiпорындарға 200-ден 2000 АЕК-ке дейiнгi (786 400 теңгеден 7 млн теңгеден астам) мөлшерiнде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, қоқыс төгу кезінде пайдаланылған көліктер мен басқа да заттарды тәркілеу жөнінде қосымша санкция қарастырылған. Бұл шаралар жаңа санкцияланбаған полигондардың пайда болуын болдырмауға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.12.2025, 13:33 971
Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті. Онда қала үшін маңызды бірқатар мәселе қаралып, жыл соңындағы шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, депутаттар Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелерін бекітті. Бұл ереже Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр және мегаполистің ерекшеліктерін ескере отырып, ластанудың негізгі көздерін реттеудің бірыңғай кешенді тетігін қалыптастырады. Құжат агломерация бойынша шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томының деректеріне негізделген. Оған сәйкес, жалпы шығарынды көлемі - 225 мың тонна, оның 189 мың тоннасы тікелей Алматыға тиесілі. Оның ішінде шамамен 112,7 мың тоннасы автокөліктерден, ал шығарындылардың 84%-ға жуығы экологиялық класы төмен автокөліктерден бөлінеді.
Бекітілген Ережелер атмосфераға түсетін жүктемені кезең-кезеңімен азайтуды көздейді. Бұл автопарктерге экологиялық талаптарды енгізу, III санаттағы нысандарға бақылауды күшейту, төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) құру, сондай-ақ ауа сапасын бақылау мен цифрлық есепке алу жүйесін дамыту арқылы іске асады.
Сонымен қатар, депутаттар Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын қарап, қолдады. Жаңа өзгерістер жасыл желектерді түгендеу және күту тәртібін нақтылап, ағаш кесу мен отырғызу жұмыстарындағы талаптарды күшейтеді, сондай-ақ жер пайдалану және мердігер ұйымдардың экологиялық талаптарды сақтауын бақылау механизмін кеңейтеді. Ағаш зақымдау мен заңсыз кесуге қатысты жауапкершілік күшейтіліп, жойылған жасыл желектің орнына жаңасын егу және өспей қалған өсімдіктерді қалпына келтіру жөніндегі нақты ережелер енгізіледі.
Сонымен қатар, депутаттар "Алматы қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігі мен көлік қозғалысын талдау бойынша зияткерлік жүйе" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясындағы мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізді. Шарттың ұзартылуына байланысты қалада қосымша 350 "Сергек" камерасы орнатылады. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштерінде оң динамика байқалады: халық санының өсуіне қарамастан, 2021-2025 жылдар аралығында жол апаттарынан қайтыс болу деңгейі орта есеппен 30%-ға, ал 100 мың адамға шаққандағы ЖКО саны 10%-ға азайған.
Сондай-ақ сессия барысында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне байланысты автотұрақтар мен паркингтерге салынатын жер салығын реттеу мәселелері қаралды.
Сессия барысында Алматы қаласы аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем мөлшерлемелері де бекітілді. Атап айтқанда, ірі форматты жарнама құрылымдары мен жарықдиодты LED-экрандар үшін инфрақұрылым мен энергоресурстарға түсетін қосымша жүктемені өтеу мақсатында жоғары мөлшерлемелер белгіленді, ал шағын форматты және жылжымалы жарнама үшін төмендетілген төлем қарастырылған, бұл шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Сессия соңында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Ардақ Байымбетов қаланың Ревизиялық комиссиясының төрағасы болып сайланды. Ол қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит жүйесінде еңбек еткен, Қаржы министрлігі мен Есеп комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 2024 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Ішкі аудит департаментін басқарған.
Мәслихат сессиясында жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бекітіліп, комиссия мүшелері өкілеттік мерзімі аяқталғанша сайланды. Сондай-ақ, VIII шақырылымдағы мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіліп, 2026 жылға арналған мәслихаттың жұмыс жоспары мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 20:36 6731
Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы бала құқықтарын қорғау саласына ауқымды өзгерістер енгізетін ""Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алудан бастап, шұғыл көмек инфрақұрылымын құруға, өңірлік бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларын ашуға және бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін күшейтуге арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық негізгі нормалар ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және депутаттық корпуспен бірлесіп әзірленді.
Заң аясындағы маңызды жаңашылдықтың бірі - елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету кабинеттерінің ашылуы. Мұнда кәмелетке толмағандарға "бір терезе" қағидатымен кешенді қолдау көрсетіледі.
Балаға қолайлы жағдайда алғашқы психологиялық көмек , сот-медициналық сараптама жүргізу, бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама алу сияқты кешенді шаралар қарастырылған. Бұл баланың көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, оның психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді.
Сонымен бірге білім беру ұйымдарында "баса назар аударуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу" институты енгізіледі. Бұл шара құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алуға және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге арналған.
Сондай-ақ Заңда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірыңғай вертикалін құру үшін өңірлік Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын ашу көзделген. Жаңа құрылымдар үйлестіру жұмыстарына, алдын алу шараларына, жедел қорғауға және "тәуекел тобындағы" балаларға көмек көрсетуге жауапты болады.
Жаңа нормаларды іске асыру мақсатында тиісті қағидалар бекітіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 13:48 691
ЖИ-агент және бюрократиядан қорғау: Үкімет заңдарды жазу процесін қалай өзгертеді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қаралды. Онда әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында 19 заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізу көзделген, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жыл ішінде жоспарға үш рет өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде ол "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" және тағы да басқа 5 жаңа заң жобасымен толықтырылды. Сондай-ақ одан "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2026-2028 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2 жоба алынып тасталды. Кепілді трансферт туралы заң жобасын алып тастауға жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әр үш жыл сайын өзгеруге жататындығы көрсетілген жаңа Бюджет кодексін қабылдау негіз болды. Жұмылдыру жөніндегі заң жобасын алып тастаудың себебі Премьер-Министрдің тапсырмасы болды, оған сәйкес Ұлттық экономика министрлігіне заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу және 2026 жылға арналған жоспарға енгізу тапсырылды", - деді ол.
Бүгінгі таңда 22 жобаның ішінен 3-уіне Мемлекет басшысы қол қойған. Олар - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 - 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы", "2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары. Ал 5-еуін Парламент қабылдады, бүгінде құжаттар Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" әзірленген қоғам үшін маңызды заңдар және оларға ілеспе жобалар. 14-і Парламент Мәжілісіне енгізілді. Олар - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Рейтингтік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" және оларға ілеспе жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары.
Ал Үкіметтің 2026 жылға арналған заң жобалары жоспарының жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша дайындалып, биылғы 31 қазанда Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған. Жоба 12 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның 3-і Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындап отыр. Олар - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әзірленген түзетулер.
Жоғарыда көрсетілген заң жобаларынан басқа, жоспармен Парламентке "Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы" (Энергетика министрлігі), "Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы" (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), "Жұмылдыру туралы" және оған ілеспе заң жобалары, жыл сайынғы "2027 - 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" (Қаржымині), сондай-ақ еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері (Еңбекмині), міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша (Еңбекмині) дербес заң жобаларын енгізу көзделген.
Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Осы орайда, келесі маңызды мәселені атап өткен жөн деп ойлаймын. Өткен жылы біз норма шығару қызметін жетілдіру бойынша, оның ішінде жоспарлау сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың болжамды-талдамалық функциясын күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргіздік. Біріншіден, заңнамалық бастамаларды жүзеге асырудың "пакеттік қағидатына" қойылатын талаптар күшейтілді, олар енді Үкіметтің заң жобаларына ғана емес, сонымен қатар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына және түзетулерге де қолданылады. Енді заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді бір мезгілде әзірлеу барлық кезеңдерде және барлық заң жобалары бойынша міндетті. Бұл заң қабылданғанға дейін проблемалық мәселелерді алдын ала анықтап, пысықтауға және оны заңға тәуелді деңгейде - яғни заңның практикалық тұрғыдан сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Екіншіден, Президенттің мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Атап айтқанда, нормалардың шамадан тыс заңнамалық регламенттелуін жою жүзеге асырылуда. Жүргізілген ревизия нәтижесінде әзірленген 25 заң қабылданды, тағы 10 заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.
Министрдің айтуынша, құқықтық реттеу деңгейлерінің арасында нақты өзгешеліктің болмауы заңдардың процедуралық нормалармен шамадан тыс жүктелуіне әкеліп, шешім қабылдау бейімділігін төмендетіп отыр. Мұны заң шығару тәжірибесі көрсетті.
Осыған орай Министрлік тарапынан артық бюрократияға жол бермейтін заңнаманың тұрақты, бейімді және замануи моделін қалыптастыруға бағытталған тәсілдер әзірленген. Олар құқықтық реттеу деңгейлерін ажыратудың айқын өлшемдерін қамтиды және жеделдік пен басқарушылық дербестіктің басымдылығын анықтайды. Аталған тәсілдер Үкіметте мақұлданып, мемлекеттік органдарға оларды норма шығару қызметі барысында мүлтіксіз сақтау тапсырылды. Әділет министрлігі өз тарапынан заң сараптамасын жүргізу және Үкімет қорытындыларының жобаларын қарастыру барысында аталып өткен тәсілдердің орындалуын бақылап, тиісті талдауды қамтамасыз етіп отыр.
Үшіншіден, биылдан бастап мемлекеттік органдардың болжамды-талдау функцияларын арттырудың, тиісінше заңнаманың тұрақтылығын нығайтудың маңызды элементі - құқықтық мониторинг жүргізудің жаңа, салалық форматына көшу болды. Бұған дейін мониторинг дербес форматта, яғни әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша және заң техникасына басымдық беріле отырып жүргізілді, ал тұрақтылық тек заңнамалық актілер бойынша талданды. Бұл саланы құқықтық реттеудің жалпы "көрінісін" көруге және оның нақты тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермеді. Енді салалық қағидаттың енгізілуімен белгілі бір саланы реттейтін заңдардан бастап жергілікті актілерге дейін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы талданады. "Өтпелі" талдау, оның ішінде толық саланың тұрақтылығын анықтау арқылы мемлекеттік органдардың норма шығару тәртібі артуда, бұл бюрократиядан арылту жағдайында аса маңызды. Қазіргі уақытта заңнаманың 80 саласына талдау жүргізілді, олардың нәтижелері жалпы алғанда талдамалық және болжамдық функциялардың күшею бағытындағы оң барысын көрсетеді", - деді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Төртіншіден, Заңнама және құқықтық ақпарат институтына мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым мәртебесі бекітілді. Бұл мәртебе әкімшілік әділет мәселелері жөніндегі заң аясында "Құқықтық актілер туралы" Заңға енгізілген түзетулермен айқындалды. Аталған ғылыми қолдау (экономикалық сараптамадан басқа) міндетті ғылыми сараптамалардың барлық түрлерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргізуді, заңнаманың тиімділігіне талдау жасауды, ғылыми қорытындылар мен талдамалық материалдарды әзірлеуді көздейді.
Сонымен қатар, Министрлік тарапынан норма шығару барысын одан әрі цифрландыру және бизнес-процестерді автоматтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда, норма шығару саласында жасанды интеллект агентін енгізу бойынша шаралар қабылдануда. Аталған агент норма шығару барысының толық циклін, бастамадан бастап оны жүзеге асыруға және кейінгі мониторингке дейін, ғылыми-талдамалық тұрғыдан қолдайды. Әділет министрлігі тарапынан норма шығару барысын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ Үкіметтің заңнамалық бастамаларын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 12:46 711
Үкіметте 2026 жылғы ХХV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қаралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің ұлттық командаларының 2026 жылғы ХХV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қаралды. Онда туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстан биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов және Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағының вице-президенті Мұракерім Бұрхан сөз сөйледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Үкімет отырысында Олимпиада ойындары еліміздің халықаралық имиджін нығайту ісінде өте маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Еліміздің спортшылары әлемнің басты байрақты бәсекелеріне өздерінің және тәлімгерлерінің табанды еңбегі нәтижесін ғана емес, бүкіл ұлтымыздың абыройын қорғау үшін бақ сынайды.
Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамыту әркез басымдыққа ие болып қала беретінін айтып келеді. Сондықтан Қазақстанда спортты дамыту бағытында кешенді шаралар қабылданып, спортшылардың сапалы даярлануы үшін тиісті жағдай жасалуда. 2023-2025 жылдары осы мақсаттарға бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін елімізде қажетті базалық инфрақұрылым мен қолайлы климаттық жағдайлар бар", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар салалық спорт федерациялары спорт түрлерін дамыту және спортшыларды жан-жақты даярлаудағы басты рөл атқаратыны атап өтілді. Солардың деңгейінде ұлттық командалар, жаттықтырушылар құрамы мен спорт резерві жасақталып, нақты спорт түрлерін дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы айқындалады.
2024 жылы Канвон қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың табысты өнер көрсетуін спорт резервін дайындаудың маңызды нәтижесі ретінде атауға болды.
Бұл жетістікті алда Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында одан әрі нығайтып, еселей түсу қажет. Жалпы спортшыларымыздың ішкі тәртібі, табанды, алғыр және нағыз командалық рухы оларды жеңіс жолына жетелейді деп сенеміз. Жаһандық додада әділ сайыс, мықты ерік-жігер және үздік нәтиже тілейміз! Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің қайсар рухымен спортшыларымыздың жігерін жанып, жеңіске ынталандырады. Еліміз сіздерді мақтан тұтады әрі зор сенім артады", - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Премьер-министр байрақты бәсекенің басталуына санаулы күндер қалғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық дайындық шаралары толық көлемде аяқталуы қажет.
Олжас Бектенов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша салалық министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
Туризм және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құраманың толық дайындығын қамтамасыз етсін.
Түпкілікті құрамдарды қалыптастыру, логистика, керекті жабдықтар, медициналық қолдау және ұйымдастыру мәселелерін тез арада реттеу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы жан-жақты көмек көрсету тапсырылды.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалануға баса мән беру қажет.
Келешегі бар спортшыларға көрсетілетін қолдау шаралары нақты әрі ашық болуы тиіс. Бұған министрліктердің, федерациялар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары тікелей жауапты болады. Сондай-ақ кәсіпқой спортты дамытуға бюджеттен тыс қаражат тартуға күш салу керек", - деп атап өтті Премьер-министр.
Туризм және спорт министрлігі Ұлттық паралимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық команданың қысқы Паралимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын күшейтсін.
Паралимпиада спортшыларының ірі халықаралық жарыстарға қатысуы - өршіл рух пен төзімділікті тәрбиелеу және инклюзивті қоғам құндылықтарын насихаттау тұрғысынан маңызды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Туризм және спорт министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірге тиісті ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарындағы жарыстарының телевизиялық трансляциясын қамтамасыз етсін.
Ойындардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген жетістіктердің әділ бағасын бере отырып, жан-жақты талдау жүргізу қажет. Сонымен бірге олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту туралы нақты ұсыныстар әзірлеу керек.
Жалпы бақылау және үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 10:14 27001
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 21:42 26226
Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында қатысушылар еңбек саласындағы қазіргі ахуалды және саладағы қатерді ерте анықтау тетіктерін талқылады. Мониторинг 96 373 кәсіпорын енген Еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде 1 783 кәсіпорын ерекше бақылауда тұр. Жүйе енгізілген сәттен бастап 3,2 мың ұйым қаупі жоғары санатынан шығарылды, бұл 100 мыңнан астам қызметкерді қамтиды.
Сондай-ақ еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелері қаралды. Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, бірқатар салалар мен өңірлерде профилактикалық жұмысты күшейтуді талап ететін қатер әлі де бар.
Премьер-министрдің орынбасары білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, оның ішінде Enbek.kz платформасы арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс соңында Республикалық үшжақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиын қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдарға әлеуметтік-еңбек қаупі жоғары кәсіпорындарға мониторингті күшейту, ведомствоаралық деректер алмасу бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ кәсіпорын басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру арқылы өндірістік жарақаттың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 19:55 5766
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ,Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.
Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді.
Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады.
Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды.
Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсіби кадрларды даярлау гидроэнергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін де керек.
Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отандық энергетика жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 19:40 57391
Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады
Достарға айту
Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ишкі туризмді дамытуға, туристические саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілисі.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға уәкілетти органның:
- Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге;
- келу туризмі саласындағы туристік оратороператордың шығындарын субсидиялау мөлшеріне;
- туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерликікі субъектлері шығындарының бір бөлигін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бахытталған түзетулер англізіледі.
Сонымен қатар әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік инфрақұрылым нысандарын кәсіпкерлердің иеліктен шығарылмауын, ониң мақсатты пайдаланылуын бақылау сынды жаңа өкілеттіктер беріледі. Оған туристік орындар, визит-орталықтары, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары кіреді.
Әкімдіктерге басым туристік аймақтардың шекараларын анықтау бойынша жаңа өкілеттіктер беру оларға аймақтық ерекшеліктерді, туристік әлеутті және осы аймақтардың инфрақұрылымдық дайындығын ескеруге мүмкіндик береди. Бұл жаждет деңгейде туризма кешенді әрі теңгерімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.12.2025, 12:02Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады 31.12.2025, 17:05 2056Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 11:58 1326Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады31.12.2025, 09:19 671Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 15:21 666Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар. 2025 жылдың 9 айының қорытындылары
29.12.2025, 09:02 692212026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі26.12.2025, 13:46 63451Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады25.12.2025, 20:43 63441Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты25.12.2025, 16:25 63026Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 18:13 58511Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
17.12.2025, 17:47 231876Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227396Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225681Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222686Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213666Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

