Денсаулық сақтауды цифрландыру аясында ұйымдардың 97,5%-ы компьютерлік техникамен жабдықталған
Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарын жүргізу аясында Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 723 қызмет енгізілген, оның ішінде 580 қызмет немесе 80,2% электронды түрде көрсету көзделген. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтер саны 17-ге (740-тан 723-ке дейін) қысқарды.
Қазіргі таңда өтініш берушілерге 17 проактивті және 21 композитті мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жүргізілген оңтайландыру жұмыстары құжаттардың орташа пакетін 30%-ға, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімін орта есеппен 3 есеге қысқартты.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қағаз түріндегі құжат айналымын 70,8 млн құжатқа қысқартуға мүмкіндік беріп, 8,4 млрд теңгеден астам жанама экономикалық нәтиже береді.
Денсаулық сақтауды цифрландыру аясында ұйымдардың 97,5%-ы компьютерлік техникамен жабдықталған және 100%-ы интернет желісіне қосылған. Қазақстан тұрғындарының 17,9 млн-ында (95,7%) өңірлік электрондық денсаулық паспорттары бар.
Қабылданған шаралар халыққа денсаулық сақтау қызметтерін көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ дәрігерлердің еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Электрондық сервистер арқылы алдын ала жазылу арқылы емханалардағы "жанды" кезектер 30%-ға қысқартылды, бұл пациенттердің емханаларда болу уақытын екі есе қысқартты. Зерттеу нәтижелерін алу уақыты 1,8 есеге (7 сағаттан 4 сағатқа дейін) қысқартылды.
Пациенттерге қызмет көрсетудің орташа уақытын қысқарту есебінен дәрігерлер мен пациенттердің уақыты 45%-ға қысқарды, жедел жәрдем жұмысы оңтайландырылды: диспетчерлік қызметке түсетін шақыруларды өңдеу уақыты 26%-ға қысқартылды, соның нәтижесінде жедел медициналық жәрдемнің келуін күту уақыты 1,3 есе қысқарды.
Сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйелерді ауылдарда енгізу және электрондық денсаулық паспорттарымен қамтамасыз ету деңгейін 100%-ға дейін жеткізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Білім беруді цифрландыру аясында мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Оқушылар электронды күнделіктер мен журналдарды пайдаланады (7014 мектептен 6703-і). Мектептердің 90%-ы (6336 мектеп) жылдамдығы 4 Мбит/сек және одан жоғары Интернетпен қамтамасыз етілген.
Мектепке дейінгі балаларға білім беру мекемелерінің 78,5%-ында қабылдауға кезекті электронды қою енгізілген, мектептердің 70,3%-ы оқушыларды онлайн қабылдайды. Мемлекеттік білім беру қызметтерінің 74%-ы автоматтандырылған.
Жалпы, білім беру жүйесін цифрландыру ауыл мен қала мектептерінің білім беру сапасының арасындағы айырмашылықты 30%-дан астамға қысқартуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында ШОБ қолдауға және шағын және орта бизнес үшін қолайлы ахуал жасауға көп көңіл бөлінеді.
Мәселен, "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін іске қосудың арқасында, кедендік декларацияны толтыру мерзімі бірнеше күн мен сағаттан 1 минутқа дейін қысқарды және автоматты режимде 1,3 млн декларация өңделді. Осының арқасында, СЭҚ қатысушылары 56,6 млрд теңге көлемінде қаржы үнемдеді.
Бизнес үшін сауда жүргізу жағдайларын жақсартуға және "көлеңкелі" экономиканы анықтауға мүмкіндік беретін "Электрондық шот-фактуралар", "Тауарларды таңбалау" жүйелері іске асырылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілер ЭШФ пайдаланады.
Сондай-ақ, бүгінгі күні 540 мың бақылау-кассалық машиналар пайдаланылуда, олардың 95%-ы "онлайн" режимінде қосылған.
Ауылдық елді мекендерді Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында, 1250 АЕМ қамтамасыз ету жоспарланған, оның ішінде 2018 жылы - 56 АЕМ, 2019 жылы - 705 АЕМ, 2020 жылы - 489 АЕМ.
Бұл 3 718 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымға жылдамдығы жоғары интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, ауылдық елді меендердің тізімін жасау кезінде тізім келісу үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Салынған инфрақұрылым ұялы байланыс операторларының дамуын ынталандырады. ТОБЖ жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан асады.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 299 ауылда орналасқан 841 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйым қосылған. Кеңжолақты интернетке қолжетімділікті одан әрі қамтамасыз ету МЖӘ келісімшарттарына сәйкес қосу кестесіне орай жүзеге асырылады.
2018 жылдың нәтижелері бойынша 10 нысаналы индикатор мен 20 көрсеткішті іске асыру қарастырылды, оның ішінде түрлі халықаралық рейтингтердегі еліміздің орны бар. Мәселен, 2018 жылы еліміздің позициясы Халықаралық электр байланысы одағының Киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша жақсарды. Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) есебіне сәйкес, Қазақстан 2018/2019 Киберқауіпсіздік жаһандық индексінде 40 орын алып, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 42 пунктке көтерілген (82 орын).
Рейтинг құрғанда барлық бес негізгі критерий назарға алынады: заңнамалық база, техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар, халықаралық аренадағы қызметі мен саланы дамыту үшін әлеует құруы.
2018 жылы еліміз "Венчурлық капиталдың қолжетімділігі" индикаторы бойынша ДЭФ БЖИ рейтингінде өзінің позицияларын жақсартты. Қазақстан бұл индекс бойынша 90-ші орын алып, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 12 пунктке көтерілді (102 орын).
Биыл цифрлық сауаттылық бойынша оқытылған тұрғындардың жалпы саны 532 мың азаматты құрады (жоспарда 462 846 адам).
Сонымен қатар, әлеуметтік әлжуаз топтан 78,3 мың азамат цифрлық сауаттылыққа оқытылды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан ДСҰ алдындағы сауда рәсімдерін жеңілдету міндеттемелерін толық орындады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады
Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты", - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда", - деді Нұржан Нұржігітов.
Қазсушар" компаниясы "Көксарай" қарсы реттегішіне жөндеу жұмыстарын аяқталды, бұл нысанның су жинақтау көлемін 2 млрд текше метрге дейін арттырады.
Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды", - деп толықтырды сөзін Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Таза көмір" және эмиссияларға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі: Олжас Бектенов "Жасыл экономика" жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша міндеттер қойды. Біз "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз, онда ауаның ластануын азайту және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Оларға қол жеткізу - барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуды және күл-қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қамтамасыз етуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
"Таза көмірдің" заманауи технологияларына тез көшу керек. Бұл көмір электр стансаларының тиімділігін арттырады және қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайтады. Әсіресе біз осындай қорға ие бола тұра, көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз, бұл - объективті шындық. Сондықтан оны қолдана беретініміз анық. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көздері заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Энергия көздерін жаңғыртудағы әрбір жұмыстың нәтижесі ластаушы заттарды ең аз бөлу талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұған ұмтылу керек және осы басты межеден ауытқымау қажет. Біздің алдымызда үш ЖЭО салу бойынша және Екібастұздағы жаңа энергоблоктар бойынша үлкен жобалар тұр. Бұл жаңа жобалардың барлығы зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 стансасы" АҚ және "Алматы электр стансалары" АҚ-лардың кәсіпорындары Энергетика министрлігі бекіткен газ тазарту жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуды, электр сүзгілерін жаңартуды, азот тотығы, күкірт қалдықтары және шаң-тозаңды азайтуды, сондай-ақ орнықты дамуға және неғұрлым таза энергетикаға көшуге бағдарлауды растайтын анағұрлым экологиялық технологиялық шешімдерге көшуді көздейтін жол карталарын жүзеге асырады.
Жасыл Академия" ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина кәсіпорындардың декарбонизациядағы қызметі үшін қосымша критерилерге бастамашы болды. Сондай-ақ, ол ластаушы заттарды азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге климаттық қаржыландыруды тарту үшін халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева кәсіпорындарды парниктік әсерге қарсы күрес, ESG-қағидаттарын енгізу және көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды. Алматы қаласындағы экологиялық стандарттардың деңгейін еуропалық көрсеткіштермен салыстыруға болатыны атап өтілді, бұл азаматтардың араласуы жоғары деңгейде екенімен және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы дамығанымен байланысты. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" тобына кіретін жекелеген жылу энергетикалық нысандардағы жұмысты күшейту және технологиялық шешімдерді енгізуді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігі айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы
Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Нысанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлемек
- металлургия (өңдеу құрылымында 40%) - өсу 1,1%,
- машина жасау (17,5%) - өсу 12%,
- тамақ өнеркәсібі (13,1%) - өсу 9%,
- құрылыс материалын өндіру (5,6%) - өсу 6%,
- химия өнеркәсібі (5,4%) - өсу 6%,
- жеңіл өнеркәсіп (0,7%) - өсу 5%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды
Елімізде барлығы 2 907 лицензия және 251 қатты пайдалы қазбалар келісімшарты бар. Біз жер қойнауын тиімді игеру үшін геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті вице-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз. Бүгінгі таңда 2 млн шаршы шақырымнан астам зерттелді, ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді. Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталды", - деді ол.
Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады", - деп түсіндірді Иран Шархан.
Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа" басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады", - деп атап өтті Иран Шархан.
Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді
Біздің бағыт - көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жақсарта отырып, қолжетімділігін арттыру. Цифрландырудың алғашқы нәтижелерін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Озық технологияларды қарқынды енгізуді жалғастыру қажет. Процестерді автоматтандыру медициналық персоналды бюрократиялық рәсімдерден босатып қана қоймай, емдеу мен дәрі-дәрмекке бөлінген қаражаттың жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сол кезде азаматтар да, дәрігерлер де, мемлекет те реформалардың нәтижелерін айқын көретін болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 180906Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 180656Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175406Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 145026Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183851Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 181206Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 180906Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 180656Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175406Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

