05.06.2019, 22:04 15138

Қазақстан мен Моңғолияның есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында есірткіге қарсы құрылымдардың басшылары кездесті

Нұр-Сұлтан. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қазақ-моңғол консулдық кеңес беру шеңберінде Қазақстан мен Моңғолияның есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Моңғолия Әділет және ішкі істер министрлінің Есірткіге қарсы департаментінің директоры Ж. Эрдэнэболд біздің еліміздегі есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау қызметіне жоғары баға берді. Есірткілердің заңсыз айналымы Моңғолия үшін салыстырмалы түрде жаңа проблема екенін атап өтті.

Елде есірткі нарығы негізінен іргелес мемлекеттерден синтетикалық есірткілерді жеткізуден, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері арқылы қалыптасады, ол есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасаудың әлемдік тәжірибесін белсенді зерделеуді қажет етеді.

Қазақстандық есірткіге қарсы құрылымдардың есірткі бизнесіне қарсы күрестегі үлкен тәжірибесін ескере отырып, моңғол тарапы нормативтік-құқықтық, сол сияқты жедел сипаттағы ақпаратпен өзара алмасуды ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстан Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында моңғолияның есірткімен күрес полицейлерін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз тарапынан Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Маткенов қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде моңғол полициясына қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны