22.07.2019, 19:16 10894

ІІМ адам ағзасын заңсыз иемденушілерді тергеуде

Ағымдағы жылғы мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі(екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу), 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - ІІМ адам ағзасын заңсыз иемденушілерді тергеуде.

Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.

Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды.

Ағымдағы жылғы мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі(екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу), 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды. Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай алдын ала тергеу барысы мен қорытындысы жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны